Тазалық - денсаулық кепілі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі: ___________________________

Бөлім:

1 бөлім:Денсаулық зор байлық

Мектеп:

Күні:

5-сабақ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тазалық - денсаулық кепілі

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

А4. Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау

Сабақтың мақсаты

А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.

Бағалау критерийі

  • Мәтін мазмұнына жоспар құра алады;
  • Мәтінге сүйене отырып баяндай алады.

Тілдік мақсаттар

Сөздікпен жұмыс: Қоғам, байлық, көңіл-күй, ұзақ өмір сүру

тән саулығы, рухани саулық, тазала, жуу

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтыққа тәрбиелеу

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Салауатты өмір салтын насихаттау

АКТ дағдысын қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Өмірмен байланыс

Спортпен, салауатты өмір салтымен сабақтастыру

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру, өзін-өзі тану

Алдыңғы білім

Дұрыс тамақтану

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту. «Болжау» әдісі

Тақтада берілген суреттерге қарап отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбына болжам жасайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Слайд

Сабақтың ортасы

6 минут

10 минут

8 минут

10 минут

Мағынаны тану кезеңі

Жаңа сөздермен жұмыс

Берілген суреттерді сөздермен сәйкестендіріңіздер.

Қоғам, байлық, көңіл-күй, ұзақ өмір сүру

тән саулығы, рухани саулық, тазала, жуу

Оқылым дағдысы арқылы айтылымды дамыту

(мұғалімнің басшылығына)

Ж 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, жаңа сөздерді табыңыздар. Мазмұнына тоқталу.

"Тазалық - денсаулық кепілі"

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Адамдар өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Әр адам денсаулық арқылы еңбекке белсенділігін, ұзақ өмір сүруін, тән мен рухани саулығын сезіне алады. Сондықтан әр адам жеке бас тазалығының ережелеріне назар аудару қажет:

- Күнделікті уақытта тұрып, жаттығу жасау;

- Тісті тазалап, беті-қолды жуу;

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмені желдету;

- Тамақ ішерде, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолды жуу;

Отанымыздың келешегі – салауатты өмір салтын сақтауды қолдауда.

ЖЖ 2-тапсырма. «Құпия сандық» арқылы сұрақтарға жауап беріңіздер.

Әр оқушы мәтін мазмұнына қарай бір сұрақтан жазып салады, кейін оқушылардың сұрақтары араластырылады. Құпия сандыққа салынған сұрақтарға оқушылардан жауап алынады.

Қорытынды

С 3-тапсырма. «Ыстық орындық»

Мәтін мазмұнына сүйене отырып, жоспар құрыңыз. Мазмұнын сыныпқа баяндаңыз.

(оқушының қалауы бойынша ортаға шығып баяндайды)

Жоспар:

1.

2.

3.

Бағалау критерийі

  • мәтін мазмұнына жоспар құра алады;
  • мәтінге сүйене отырып баяндай алады.

Кері байланыс

«Түймедақ»

Оқушы ең қызықты, ең сәтті орындаған тапсырманы кері байланыс ретінде гүл жапырағына жазады.

Слайд

үлестірме материал

үлестірме материал

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау

Бағалау критерийлері бойынша

Үй тапсырмасы

"Тазалық - денсаулық кепілі" мәтінді оқып мазмұнын білу, жаңа сөздерді жаттау.

Слайд

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу