Су ішудің әдебі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім:

1-бөлім: Денсаулық – зор байлық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Су ішудің әдебі

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

О1 Мәтіндегі ақпаратты анықтау.

Сабақтың мақсаты

О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

Бағалау критерийі

ОМ

Дескриптор

О1 Мәтіндегі ақпаратты анықтау.

Мәтіндегі ақпаратты түсінеді.

Тақырып бойынша деректер қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Жұтыммен ішу, түрегеп тұрып ішу, аш қарынға ішу, суытып ішу.

Құндылықтар

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, азаматтық жауапкершілік, құрмет

АКТ дағдысын қолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Өмірмен байланыс

Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Пәнаралық байланыс

Биология

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

Мұғалім түрегеп су іше отырып, келесі сұрақтарды қояды:

  • Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта болу мүмкін деп ойлайсыңдар?
  • Нені байқадыңдар?
  • Суды ішудің әдебін білесіздер ме?

Оқушылармен ортақ ереже шығару:

«Суды ішудің әдебі»

Сабақтың ортасы

7 минут

10 минут

10 минут

5 минут

Мағынаны тану кезеңі.

Оқылым алды тапсырмасы. Оқушылар мәтіндегі жаңа сөздермен танысады.

Сөздер

Баламасы

Түрегеп тұрып ішу

Аш қарынға ішу

Тамақ ішпеген қарынға ішу

Суытып ішу

Оқылым тапсырмасы. Оқушылар мәтінді оқиды. Мәтінге қатысты тапсырмаларды орындайды.

Су ішудің әдебі

Суды оң қолмен ішу керек. Ішетін суға қарап, сосын ішу керек. Тыныс алғанда, ауаны суға қарай емес, сыртқа беру керек, яғни дем алғанда ауызды стаканнан алу керек. Жазда салқын су ішкен жақсы. Өте мұздай су ішпеу керек. Түрегеп тұрып ішпеген жөн. Аш қарынға су ішпеу керек. Суды ақырындап, асықпай ішу керек. Ауыз толтырып, судың барлығын бір жұтыммен ішпеу керек. Қайнап тұрған нәрсені суытып ішу керек.

1.Төмендегі сұрақтарға бір сөйлеммен жауап беріңіз.

Жазда неге мұздай су ішуге болмайды?

____________________________________________________________________________________________________

Неліктен суды оң қолмен ішу керек деп ойлайсыз?

____________________________________________________________________________________________________

2.Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.

р/с

Ақпараттар

р/с

Ақпараттар

Сәйкестендіру жауабы

А

Ауыз толтырып

1

асықпай ішу керек.

В

Суды ақырындап

2

ішпеген жөн.

С

Түрегеп тұрып

3

судың барлығын бір жұтыммен ішпеу керек.

Дұрыс жауап: А3, В1, С2Оқылымнан кейінгі тапсырма. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

Мәтінде көтерілген мәселеге, ақпаратқа байланысты талқылау сұрағы беріледі:

  •  Су ішу әдебін сақтау денсаулыққа қаншалықты маңызды?
  • Жер бетінде су жойылып кетсе, неге әкеліп соқтырады?

Оқушылар топта сұрақтарды талқылап, пікірлерін ортаға салады.

Жұптық бағалау.

Бағалау критерийлері:

ОМ

Дескриптор

О1 Мәтіндегі ақпаратты анықтау.

Мәтіндегі ақпаратты түсінеді.

Тақырып бойынша деректер қолдана алады.

Сөздер

http://balalaralemi.kz/article/1949/Su-ishudin-adebi#.ViTHmX7hDIU

«Су ішудің әдебі» оқылым мәтіні

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

«Тілек ағашы»

Жапырақ пішіндес стикер

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу