«Тісті қорғау - денсаулық кепілі». Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімі:

1-бөлім: «Денсаулық – зор байлық»

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Тісті қорғау - денсаулық кепілі»

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

О4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

Сабақтың мақсаты

О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

Бағалау критерийі

  • мәтіндердің мазмұнын түсінеді;
  • мәтіндерге салыстырмалы талдау жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Жаңа сөздерді сөйлемде орынды қолданады, жалғауларды дұрыс қолданады.

Құндылықтар

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, азаматтық жауапкершілік, құрмет

АКТ дағдысын қолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады

Өмірмен байланыс

Салауатты өмір салтын насихаттау, соның ішінде таңғы астың маңыздылығы мен пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

биология

Алдыңғы білім

А2

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.

Оқушылар «Жасырын сөз» ойынын ойнайды.

Екі оқушыға «тіс», «тіс пастасы» деген сөздер жазылған қағаз қиындылары беріледі, оқушылар жасырын сөздің суретін флипчартқа салып, өз тобындағы оқушыларға қай сөз жасырылғанын тапқызуға тырысады (алдын ала оқушылар екі топқа бөлінеді).

Мұғалім оқушыларға анықталған сөздер арқылы, суреттер арқылы сабақтың тақырыбын болжатады.

Сабақтың оқу мақсаттары мен бағалау талаптарымен таныстыру.

кесте

слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны тану кезеңі.

Жұптық жұмыс /5 минут/

Оқылым алды тапсырма: төмендегі сөздерді суреттермен сәйкестендіріңдер, суреттер арқылы оқылым мәтінінде болатын ақпаратты болжату.

  • тазалау; 2) емдеу; 3) күту; 4) тіс дәрігері; 5) тіс жегі (кариес); 6) дәрумен.

А Ә Б В Г

Оқушылар жұпта бірін-бірі тексереді. Жауаптарымен бөліседі.

Топтық жұмыс /15 минут/

Оқылым тапсырмасы: мәтіндерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар.

1. Мәтіндердегі негізгі айтылған ойға қатысты ат қойыңыздар.

2. Екі мәтінді салыстырып, төмендегі кестені толықтырыңыздар.

1-мәтін ____________________________

 Қазақта «Тісімен тас шайнаған» деген сөз бар. Сау денелі, қарулы азаматтарға қолданылатын сөз. Тістің денсаулыққа ғана емес, адам сымбаттылығына да үлкен әсер ететінін медицина ғалымдары дәлелдеп отыр. Тісіңіздің маржандай әппақ болуын қалайсыз ба? Ендеше, қарапайым әдістерге де сүйене біліңіз.

 Кәдімгі ас тұзының қасиеті де өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады.

 Бүлдіргеннің тісіңізді ағартуға мол пайдасы бар. Мұны ең өнімді әдіс деп қарайтындар да бар. Себебі, бүлдіргеннің құрамында глюкоза мен қышқыл болғандықтан, оны жеген соң артынан тісіңізді мұқият ысқыласаңыз өнімі көрінеді.

2-мәтін

_________________________________

Пациент Кіруге бола ма?

Дәрігер Кіріңіз. Отырыңыз. Сізді не алаңдатады?

Пациент Тісім ауырады.

Дәрігер Қарап көрейік. Қызуыңыз көтерілді ме?

Пациент Кеше қызуым көтерілді.

Дәрігер Ауызыңызды ашыңыз, тамағыңызды, тісіңізді қарап көрейік.

Пациент Соңғы кезде денсаулығым нашарлап жүр. Құлағым ауыра бастады.

Дәрігер Ия, сізде тіс жегі бар (кариес), тісіңіздің ауырғаны, сау болмауы бүкіл ағзаның денсаулығына әсер етеді.

Пациент Тісімді емдеп беріңізші.

Дәрігер Уақытында келмегенсіз, сондықтан тісіңізді жұлдырту керек.

Пациент Жақсы.

Дәрігер Емделіңіз. Денсаулығыңыз тістің жағдайына байланысты болатынын ұмытпаңыз.

Пациент Рақмет. Емделемін. Сау болыңыз.

Топтар өзара жұмыстарымен бөлісіп, бірін-бірі бағалайды.

Мұғалім кері байланыс береді.

Жеке жұмыс /5 минут/

Оқылымнан кейінгі тапсырма: «Мен тісімді қалай күтемін?» 5-6 сөйлемнен тұратын шағын эссе жазыңдар.

Қолдау ретінде оқушыларға келесідей суреттер топтамасы мен тірек сөздер ұсынылады.

күнделікті қолданамын тазалаймын

дәрігерге қараламын зиян, пайдалы

Оқушылар таныстырылым жасайды (жребий тарту арқылы анықталады). «Барлық сандар» стратегиясын қолдануға болады.

Кері байланыс.

http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/11949/

«Тісті қорғау - денсаулық кепілі»

мәтіні

Сабақтың соңы

5 минут

«Үйренгеніміз жөнінде ойланайық!»

Рефлексия

  • Не білдім, не үйрендім?..................................
  • Бұл не үшін керек?...........................................
  • Оның қолданысы қандай?..............................
  • Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын?........
  • Тағы да не білгім келеді?.................................

Бағалау.

Үй жұмысы.

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу