Әлемдегі ірі кітапханалар. Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі.. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

Әлемдегі ірі кітапханалар.

Абай Құнанбайұлы

«Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі.

Оқу мақсаттары:

А5. Сенімді және еркін жауап беру

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Ж5. Орфография және пунктуация

Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

Бағалау критерийлері:

Берілген сұрақтарды түсінеді;

Сұрақтарға дұрыс жауап береді;

Тірек сөздерді қолданады;

Шағын диалогке түсе алады;

Ортақ ой, шешім шығара алады;

үндестік заңын біледі;

пунктуациялық норманы біледі;

стилі берілген жанрға сәйкес;

«Бес бармақ» әдісі арқылы 5 топқа бөлу

Бас бармақ

Балаң үйрек

Ортан терек

Шылдыр шүмек

Кішкентай бөбек

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларды сөйлету

Ой қозғау:

Осы суреттерде не бейнеленген? Бұл суреттерге қарап қандай ой келді?

Тапсырма: төмендегі тірек сөздерді қолданып, суреттерді сөйлетіңіздер.

Тірек сөздер: жас Абай Құнанбаев, құмар болды (әуес болды), орыс жазушылары, ойшылдар, пәлсапалық (философиялық), А.С.Пушкин, ауыл, туған жер, қара сөздер кітабы.

Төмендегі мақал-мәтелдердің қайсысы сабақтың тақырыбына сәйкес келеді деп ойлайсыздар? Неге? Түсіндіріп айтыңыз.

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы.

Аз жұмысты қиынсынсаң,

Көп жұмысқа тап боларсың.

А.Құнанбаев «Ғылым таппай, мақтанба»

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба, 

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ, 

Еріншек, бекер мал шашпақ – 

Бес дұшпаның, білсеңіз. 

Талап, еңбек, терең ой, 

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз. 

Жамандық көрсең нәфрәтлі

Суытып көңіл тыйсаңыз. 

Жақсылық көрсең ғибрәтлі

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене, 

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп, 

Айтпа ғылым сүйсеңіз,

Сізге ғылым кім берер, 

Жанбай жатып сөнсеңіз? 

Дүние де өзі, мал да өзі, 

Ғылымға көңіл берсеңіз. 

Ортақ ой, шешім шығару «Дастархан» әдісі

Жеке

пікір

Ортақ ой

Сергіту сәті «Көзге арналған жаттығу»

https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s

Шығармашылық тапсырма:

Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу керек; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану қажет.

1. «Бас бармақ» тобына: Еріншек пен еңбекқордың арасында диалог құрастыру.

2. «Балаң үйрек» тобына: Өсекшінің монологын құрастыру.

3. «Ортан терек» тобыны: «Талапты баланың басынан өткен оқиға» әңгіме құрастыру.

4. «Шылдыр шүмек» тобына: Өтірікшінің атынан өтірік өлең құрастыру.

5. «Кішкентай бөбек» тобына: Қанағатшыл әке мен мақтаншақ бала туралы ертегі құрастыру.

Кері байланыс «Гамбургер» әдісі

Жағымды ахуал

Жағымсыз ахуал

Сыни пікір

Жағымды ахуал

Үйге тапсырма:

 Берілген үзіндіні мүмкіндігінше жаттап келу.

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба, 

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ, 

Еріншек, бекер мал шашпақ – 

Бес дұшпаның, білсеңіз. 

Талап, еңбек, терең ой, 

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу