Әлемдегі ірі кітапханалар. Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі.. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп: Алматы қаласы

ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Әлемдегі ірі кітапханалар.

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А5. Сенімді және еркін жауап беру

Ж5. Орфография және пунктуация

 Сабақтың мақсаттары

А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Ж5.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

 Бағалау критерийлері

  • Берілген сұрақтарды түсінеді;
  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді;
  • Тірек сөздерді қолданады;
  • Шағын диалогке түсе алады;
  • ортақ ой, шешім шығара алады;
  • үндестік заңын біледі;
  • пунктуациялық норманы біледі;
  • стилі берілген жанрға сәйкес;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

нәфрәтлі, ғибрәтлі т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері;

  • Менің ойымша;
  • Менің пікірімше;
  • Қорыта келгенде;

Құндылықтар

Абай шығармаларының құндылығын ұғындыру. Талап, еңбек, терең ой, қанағатшылдық, рақымшылық құндылықтарын насихаттау.

Осыған дейін меңгерілген білім

Әлемдегі ірі кітапханалар.

Жоспар

Жоспарлана-тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз-дер

Сабақтың басы

5 минут

1.Оқушылармен амандасу.

2.«Бес бармақ» әдісі бойынша 5 топқа бөлу.

Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

3.Сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

10 минут

20 минут

(5+10+5)

5 минут

5 минут

2-сабақ

2 минут

20+15 минут

8 минут

1. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларды сөйлету. Осы суреттерде не бейнеленген? Бұл суреттерге қарап қандай ой келді?

Тапсырма: төмендегі тірек сөздерді қолданып, суреттерді сөйлетіңіздер.

Тірек сөздер: жас Абай Құнанбаев, құмар болды (әуес болды), орыс жазушылары, ойшылдар, пәлсапалық (философиялық), А.С.Пушкин, ауыл, туған жер, қара сөздер кітабы.

2.Төмендегі мақал-мәтелдердің қайсысы сабақтың тақырыбына сәйкес келеді деп ойлайсыздар? Неге? Түсіндіріп айтыңыз. О – М, М - О

Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы.

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

Аз жұмысты қиынсынсаң,

Көп жұмысқа тап боларсың.

3. Оқушылар А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңін оқиды. Мәтін таратылып беріледі. Өлеңдегі көтерілген мәселе төңірегінде өз ойларын жұпта талқылайды. ЖЖ

4. Содан кейін «Дастархан» әдісі бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. ТЖ

5. Ортақ ой, шешім шығарады.

6. Өлеңнің мәтініндегі қарамен жазылған сөздердің баламасын (синонимдерін) сөздіктен тауып, дәптерлеріне жазады.

Ғылым таппай мақтанба,Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба,Ойнап босқа күлуге.Бес нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық бол,Адам болам десеңіз.Тілеуің, өмірің алдыңда,Оған қайғы жесеңіз.Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой –Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз.Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз?Болмасаң да ұқсап бақ,Бір ғалымды көрсеңіз.Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз,Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз. 

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

Балл

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

1-2

берілген сұрақтарды түсінеді;

сұрақтарға дұрыс жауап берді;

тірек сөздерді қолданды;

2

2

2

3-5

шағын диалогке түсе алды;

ортақ ой, шешім шығара алды;

2

2

Барлығы

10

1.Сергіту сәті «Көзге арналған жаттығу» https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s 2.Шығармашылық тапсырма: Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу керек; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану қажет.

  • «Бас бармақ» тобына: Еріншек пен еңбекқордың арасында диалог құрастыру.
  • «Балаң үйрек» тобына: Өсекшінің монологын құрастыру.
  • «Ортан терек» тобына: «Талапты баланың басынан өткен оқиға» әңгіме құрастыру.
  • «Шылдыр шүмек» тобына: Өтірікшінің атынан өтірік өлең құрастыру.
  • «Кішкентай бөбек» тобына: Қанағатшыл әке мен мақтаншақ бала туралы ертегі құрастыру.

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

Балл

Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

2

орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады;

тыныс белгілерді орынды қолданады;

стилі берілген жанрға сәйкес;

4

4

2

Барлығы

10

5. Кері байланыс «Гамбургер» әдісі

  • Жағымды ахуал
  • Жағымсыз ахуал
  • Сыни пікір
  • Жағымды ахуал

6. Үйге тапсырма: Берілген үзіндіні мүмкіндігінше жаттап келу.  

«Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба,  Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ,  Еріншек, бекер мал шашпақ –  Бес дұшпаның, білсеңіз.  Талап, еңбек, терең ой,  Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз.»

https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу