Су-тіршілік көзі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ : № 7 | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: Сыздыкова Ж.А. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||
Тараудың тақырыбы: Сабақ тақырыбы: | Су-тіршілік көзі | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: | 5.Т5.Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Тыңдалым мәтінінің мазмұнымен байланысты жаңа сөздерді суреттер арқылы оқушылардың түсінуіне және есте сақтауына, тапсырмаларда орынды қолдануына және мәтін мазмұнындағы тірек сөздер,жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау тапсырмалары арқылы оқу мақсатына қол жеткізуге жағдай жасау негізінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Дескрипторлар: | мәтін мазмұнына қатысты берілген 5 сұраққа жауап береді; мәтінге ат қояды. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың Су ресурсына қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Жаратылыстану | ||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint таныстырылымы, аудиомәтін | ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Пән лексикасы және терминология: сұйықтық, жұту,құбыр,сүзгі, кепіл, лас | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Лексикалық тараудың алғашқы сабағы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | Қызығушылықты ояту Мұғалім оқушыларға сөздер тізбегін береді. Оқушылар осы сөз тізбегіне қарап ортақ атау беруі тиіс. Оқушылар осылайша негізгі тақырыпты анықтайды. Берілген етістіктерге қарап судың қасиетін жұпта талқылайды. Қатады, ериді,тамады,жауады,құяды.
Ой шақыру сұрақтары: Сіз күнделікті өмірде қандай мақсатта қолданасыздар? (Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Мұғалім қажеттілікке қарай басқа оқушыларға қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы жауаптарын толықтырады. ) Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжау жасайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 8 мин 4 мин 10 мин 10 мин 5 мин | Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады. Бағалау критерийімен таныстырады. 3 минут Мағынану тану: Тыңдалымалды тапсырмасы Сөздікпен жұмыс. 8 минут Тыңдалым мәтінінде кездесетін жаңа сөздермен жұмыста мұғалім тақтадан әр сөзді синонимімен немесе мағынасымен және сурет негізінде көрсетеді. Әр оқушыға сөздік таратылады. Жаңа сөздермен танысқаннан кейін мұғалім суреттерді ғана көрсету арқылы жаңа сөздерді қайталатады.
Тыңдалым мәтіні (0.51-ден бастап) Су- тіршілік көзі. Тіпті су ішпеген бір күнімізді елестетудің өзі өте қиын. Біз күн сайын мөлдір сұйықтықты рахаттана ішеміз. Ең қызығы, біз суды ішіп қана қоймаймыз. Жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің үштен екі пайызын су құрайды екен. Мысалы, адам ағзасының 86 пайызы судан тұрса, балықтардың 75 пайызы, ал қияр мен қарбыздың 95 пайыздан астамы судан тұрады екен. Су өте пайдалы бола тұра, оны ішудің де өз ережесі бар екен. Негізі дәрігерлер суық судың бүйрекке күш түсіретіні туралы айтады. Суды бірден жылдамдата жұтқаннан гөрі, ауызда ұстап, біртіндеп жұтқан пайдалы. Қалай ойлайсың, үйдегі құбырмен келіп тұрған суды ішуге бола ма? Оның құрамында хлор бар. Хлордың ағзаға зиянды екенін ескеру керек. Сондықтан үйіңізге су тазалайтын арнайы сүзгі орнатсаңыз, ағзаңыз таза, денаулығыңыз мықты болады. Ал өзен суын неге ішуге болмайды дейміз? Өйткені оның тазалығына ешқандай кепіл жоқ. Лас суды ішіп, ауырып қалуымыз әбден мүмкін. (140 сөз) (https://www.youtube.com/watch?v=3_ZQDr_tugg) Тыңдалым тапсырмасы Мәтінді мұқият 2 рет тыңдаңыз. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын ашатын постер құрастырыңыздар. Постер бойынша бейнебаянның сюжетін мазмұндаңыздар. Кері байланыс. 5 минут Сіз бүгінгі оқу мақсатына жеттім деп санайсыз ба? Неге? Екі тапсырманың қайсысы қиынырақ болды? Неге? | Сөздер және суреттері бар үлестірме парақтар Аудиомәтін Қалыптастырушы бағалау парағы | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ соңы 3 минут Үйге тапсырма | Рефлексия Жаңа сөздерді жаттау. Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру | Таратпа парақшалар | |||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. | Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. | Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. | |||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?