Су-тіршілік көзі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ : № 9 | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: Сыздыкова Ж.А. | ||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||
Тараудың тақырыбы: Сабақ тақырыбы: | Су-тіршілік көзі | ||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: | О2. Хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Оқылым мәтінінің мазмұнымен байланысты жаңа сөздерді суреттер арқылы оқушылардың түсінуіне және есте сақтауына, тапсырмаларда орынды қолданып, оқу мақсатына қол жеткізуге жағдай жасау негізінде оқылым дағдыларын дамыту | ||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Жарнама мазмұнын түсінеді. Стильдік ерекшелігін анықтайды. | ||||||||||||||||||||||||||
Дескрипторлар: | мәтінді түсініп оқиды; мәтін мазмұнына қатысты 3 сұраққа сөйлеммен жауап жазады. мәтіннен тауар туралы ақпарат беретін 2 сөйлемді анықтайды; мәтіннен тұтынушының назарын аударатын 2 сөйлемді анықтайды. | ||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың Су ресурсына қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады. | ||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Жаратылыстану | ||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint таныстырылымы, аудиомәтін | ||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Пән лексикасы және терминология: | ||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Лексикалық тараудың келесі сабағы | ||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | Қызығушылықты ояту «Аустралия жаңбыры» (Мұғалім өзі бір рет әрекеттерді көрсетеді, содан кейін оқушылар өз беттерімен орындайды) Аустралияда жел көтерілді.(оқушылар екі қолын көтеріп, қолдарын тербетеді) Жаңбыр тамшылады (оқушылар саусақтарының ұштарын соғады) Жаңбыр қатты құйды ( оқушылар білегін сабалайды) Бұршақ жауды (оқушылар санын шапалақтайды) Жаңбыр сіркіреді ( оқушылар білегін сабалайды, аяқтарын тарсылдатады.)
Ой шақыру сұрақтары: Су жаңбыр болып жауғанда қандай дыбыстар шығарады? (Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Мұғалім қажеттілікке қарай басқа оқушыларға қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы жауаптарын толықтырады. ) Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжау жасайды. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 12 мин 10 мин 5 мин | Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады. Бағалау критерийімен таныстырады. 3 минут Оқылымалды тапсырмасы Сөздікпен жұмыс. 8 минут Оқылым мәтінінде кездесетін жаңа сөздермен жұмыста мұғалім тақтадан әр сөзді синонимімен немесе мағынасымен және сурет негізінде көрсетеді. Әр оқушыға сөздік таратылады. Жаңа сөздермен танысқаннан кейін мұғалім суреттерді ғана көрсету арқылы жаңа сөздерді қайталатады.
Судан рахат алып, денсаулығыңызды қалыпқа келтіргіңіз келе ме? Олай болса, «Асем-ай Сарығаш» минералды суы сіздің армандарыңызды бір сәтте ақиқатқа айналдырады. Жан мен тәнді емдейтін «Асем-ай Сарығаш» минералды суы 1300 метр тереңдіктен ерекше технологиямен өндіріледі. Егер сізді асқазан, бүйрек, қант диабеті секілді аурулар мазаласа, онда «Асем-ай Сарығаш» минералды суы - таптырмас ем. Минералды су күн сайын ішуге жарамды болғандықтан, дәрі-дәрмектермен ағзаңызды улағанша, күнделікті «Асем-ай Сарыағашты» тұтыныңыз. «Асем-ай Сарығаш»- арзан баға, жоғары сапа, қымбат денсаулық!
Кері байланыс. 5 минут Сіз бүгінгі оқу мақсатына жеттім деп санайсыз ба? Неге? Екі тапсырманың қайсысы қиынырақ болды? Неге? | Сөздер және суреттері бар үлестірме парақтар Аудиомәтін Қалыптастырушы бағалау парағы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ соңы 3 минут Үйге тапсырма | Рефлексия Жаңа сөздерді жаттау. Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру | Таратпа парақшалар | |||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. | Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. | Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. | |||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?