Су – тіршілік көзі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ : № 10

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Сыздыкова Ж.А.

Сынып: 5Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тараудың тақырыбы:

Сабақ тақырыбы:

Су – тіршілік көзі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Сабақ мақсаты:

Су тақырыбына қатысты сөздер мен сөз тіркесіннің мағынасын меңгеру;

Тәжірибеде меңгерген сөздерді қолданады;

Берілген сұрақтарды түсініп, жүйелі жауап береді.

Бағалау критерийлері:

Тірек сөздерді қолдана отырып, сұраққа жауап береді;

Сурет бойынша сөйлей алады;

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың Су ресурсына қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, аудиомәтін

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:

алдынғы сабақтағы лексикалық қорды қайталау

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің болжауымша, мәтіндегі тірек сөздер мыналар:............................................ .

Мәтіндегі тірек сөздер ………………………….. деп санаймын.

Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Лексикалық тараудың алғашқы сабағы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

«Шаттық шеңбері»

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, мына өлең жолдарын айтады.

Самал жел бізді желдетші,(қолдарын жоғары көтеріп тербейді)

Күн нұры бізді жарқырат.(екі қолдарымен күн бейнесін жасайды)

Таза ауа, дем берші,(екі қолдарымен беттерін желпиді)

Мөлдір су бізді салқындат!(екі қолдарымен бетіне желпиді )

Бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасату үшін жұмбақ жасырылады:

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

Жауабы: Су.

Слайд, суреттер

Сабақтың ортасы

3 минут

12 мин

10 мин

5 мин

Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.

Бағалау критерийімен таныстырады. 5 минут

Ақын Тұрсынзада Есімжанов:

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дейді.

Балалар, осы өлең жолдарында айтқандай су болмаса тіршілік болмайды.

Айтылым тапсырмасы

1-тапсырма:

«Миға шабуыл»

Оқушыларға су тақырыбында бірнеше сұрақтар қойылады.

  • Балалар, су қандай зат?
  • Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші?
  • Судың пішіні бар ма?
  • Судың дәмі бар ма?
  • Суға қантты немесе тұзды қоссақ, дәмі өзгереді ме? (Суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.)
  • Судың түсі бар ма?
  • Судың қандай қасиеттерін білесіңдер? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

2-тапсырма: ЖЖ

Топта берілген тақырыптар негізінде ақпараттарды жинақтап, постер жасаңыздар. Постер дайындауда төменде берілген талаптарды ескеріңіздер:

  • постердің мазмұндылығы;
  • көркем безендіру;
  • креативтілік.

Жақша ішіндегі тірек сөздерді қолдана отырып, мына тақырыптар бойынша сөйлеңіздер.

1. Судың күнделікті өмірде қолданылуы (жуыну, тамақ пісіру, тазалау, ішу, қолдану)

2.Жер шарындағы судың үлесі (су, жер, өзен, көл, теңіз, мұхит, тұщы су, ащы су, ауыз су т.б.)

3.Су айналымы (булану, жаңбыр, бұлт, қар жауу, өзен, көл, жер асты сулары, айналым т.б.)

4.Судың күйлері (иіс, дәм, түс, мұз, қатты, газ, сұйық, қайнау, булану т.б.)

Кері байланыс. 5 минут

Сіз бүгінгі оқу мақсатына жеттім деп санайсыз ба? Неге?

Екі тапсырманың қайсысы қиынырақ болды? Неге?

Сурет қималары

Сабақ соңы

5 минут

Таратпа парақшалар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу