Су-тіршілік көзі. Судың адам өміріндегі маңызы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ : №

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Сулейменова М.М.

Сынып: 5Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тараудың тақырыбы:

Сабақ тақырыбы:

Су-тіршілік көзі

Судың адам өміріндегі маңызы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау

Сабақ мақсаты:

Тыңдалым мәтінінің мазмұнымен байланысты жаңа сөздермен танысады. Мәтінді мұқият тыңдау барысында тірек сөздерді анықтайды. Тірек сөздер бойынша мәтінге ат қояды.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың Су ресурсына қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, аудиомәтін

Бағалау критерийлері:

Тірек сөздерді анықтау арқылы мәтін тақырыбын болжайды.

Дескрипторлар:

мәтіндегі ең маңызды тірек сөздер жазылған 4 тамшыны түрлі-түсті қарындашпен бояйды;

тірек сөздердің көмегімен мәтінге сөз тіркесімен ат қояды;

мәтіннің атын бұлтқа жазады;

жұбына мәтінге неліктен ондай ат қойғанын түсіндіреді;

түсіндіру кезінде ұсынылған сөз оралымын қолданады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:тіршілік, ауыз су, тұщы су, су жетіспеушілігі, таза энергия, ағза

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің болжауымша, мәтіндегі тірек сөздер мыналар:............................................ .

Мәтіндегі тірек сөздер ………………………….. деп санаймын.

Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Лексикалық тараудың алғашқы сабағы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

7 минут

Қызығушылықты ояту

Оқушылар интерактивті тақтада (активстудио) берілген сөздерді адам өміріндегі маңыздылығына қарай ретпен орналастырады.

Ұсынылатын сөздер: тамақ, ұйқы, су, киім, жұмыс, байлық

Ой шақыру сұрақтары:

Суды неліктен ең маңызды деп санайсыздар?

Суды не үшін қолданамыз?

(Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Мұғалім қажеттілікке қарай басқа оқушыларға қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы жауаптарын толықтырады. Тақтада кластер сызылып, мұғалім оқушы пікірлерін негізінде кластерді толтырып жазып тұрады.)

Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжау жасайды.

Сабақ ортасы

35 минут

Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.

Бағалау критерийімен таныстырады. 3 минут

Тыңдалымалды тапсырмасы

Сөздікпен жұмыс. 8 минут

Тыңдалым мәтінінде кездесетін жаңа сөздермен жұмыста мұғалім тақтадан әр сөзді синонимімен немесе мағынасымен және сурет негізінде көрсетеді. Әр оқушыға сөздік таратылады. Жаңа сөздермен танысқаннан кейін мұғалім суреттерді ғана көрсету арқылы жаңа сөздерді қайталатады.

Сөз

Сурет

тіршілік, өмір

ауыз су, тұщы су

мұздық

температураны тұрақтандырады, бір қалыпта ұстайды

тасымалдау, жеткізу

бүйрек

бауыр

қалдық

жарақаттану, жаралану

ылғалдандыру

бұлшық ет

су жетіспеушілігі

Тыңдалым мәтіні

Су- тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді.

Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - деп жазады. Мысалы, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, ұйқыны реттейді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті көтереді. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғап, теріні ылғалдандырып, емдейді.

Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал, денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.

Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді мұқият 2 рет тыңдаңыз. Мәтіндегі маңызды тірек сөздер жазылған тамшыларды анықтап, түрлі –түсті қарындашпен бояңыз. 5+5 минут

Оқушылар тірек сөздерді тақтадағы дұрыс нұсқасымен тексереді. 2 минут

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Тірек сөздердің көмегімен мәтінге ат қойыңыз. 2 минут

Жұбыңызға мәтінге неліктен ондай тақырып бергеніңізді түсіндіріңіз. Әр оқушыға 1 минуттан. 2 минут

Тақтадан жауап беруге қатысты өз оралымы көрсетіледі.

Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.

Мұғалім кейбір оқушылардан жұбының мәтінге қойған тақырыбы туралы сұрап, жауап алады. 3 минут.

Мысалы: Айнұр, сіздің жұбыңыз .............. мәтініне қандай ат қойды және неге?

Мұғалім оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийіне еске түсіртеді. Тақтадан шығарып қояды.

Кері байланыс. 3 минут

Сізге бүгінгі тапсырмалардың қайсысы қызықты болды? Неге?

Екі тапсырманың қайсысы қиынырақ болды? Неге?

Сөздер және суреттері бар үлестірме парақтар

Аудиомәтін

Қалыптастырушы бағалау парағы

Сабақ соңы

3 минут

Рефлексия 3-2-1

Оқушылар таратпа қағаздарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді.

1.Сабақта маған пайдалы болды.

1. ................... 2. .............................. 3. .........................

2. Маған көмек қажет?

1. ................... 2. ..............................

3. Сабақта алған ақпаратты қайда қолдана аламын?

1. ...................

Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді жаттау. Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру

Таратпа парақшалар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу