Су-тіршілік көзі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Сабақ : № | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: Сулейменова М.М. | ||||||||||||||||||||
Сынып: 5Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||
Тараудың тақырыбы: Сабақ тақырыбы: | Су-тіршілік көзі | ||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: | 5.А4.Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау. | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Mәтін мазмұны бойынша шағын жоспар құрады, мәтінді оқушыларға бірнеше рет мазмұндау арқылы айтылым дағдысы дамиды, сөздерді есте сақтауға мүмкіндік алады. | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда көрініс табады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады.Патриотизм және азаматтық жауапкершілігі мәтіндегі мәселені түсіне отрып, жұбына жеткізуде жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Жаратылыстану, экология | ||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint таныстырылымы | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Құрылған жоспар негізінде мәтінді мазмұндайды. | ||||||||||||||||||||
Дескрипторлар: | мәтін мазмұны бойынша шағын жоспар құрады. жоспар бойынша мәтінді жұбына мазмұндайды. | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Пән лексикасы және терминология: БҰҰ, тұщы су үшін соғыс, мегаполис,экономикалық нарық, су бизнесі Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Мен сабақта ................................ жұмыс жасадым. | ||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар алдыңғы сабақта судың, шомылудың адам денсаулығына пайдасы туралы мәтіндермен танысып, тақырыпқа қатысты сөздік қорларын байытты. | ||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||
Сабақ басы 5 минут | Қызығушылықты ояту «Бес қадам» Өз еркімен тақтаға 4 оқушы шығады. Мұғалім тарапынан қойылған сұраққа әр оқушы табандарды жылдам баса отырып, 5 түрлі жауап айтуы керек.
| Табан суреттері | |||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 36 минут | Ой шақыру сұрақтары: 4 мин. Балалар, қалай ойлайсыздар, адам су ішпесе, оның салдары қандай? Егер әлемде ауыз су жетіспесе, оның салдары қандай болады? Мұғалім оқушылардың жауаптарын тақтаға кластер ретінде түсіріп жазып тұрады. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы, оқу мақсаты және сабақ мақсатымен таныстырады. Бағалау критерийімен таныстырады. 3 минут Айтылымалды тапсырмасы Сөздікпен жұмыс 5 минут. Әр оқушыға сөздер мен сөз тіркестері таратылады. Мұғалім жаңа сөздермен түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Айтылымалды тапсырмасы 2 Мәтінді оқып, мазмұн бойынша жоспар құрыңыз. 8 минут. Мәтін Халықаралық зерттеушілер 2030 жылдары планета тұрғындарының 47 пайызына тұщы су жетіспеушілігі болатынын айтады. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Муннің: «Әлем тұщы су үшін соғыс жағдайына жақындады» деген сөзі қауіп-қатердің мәнін байқатады. Ұйымның Бас хатшысы бекер алаңдамайды. Оны халықаралық сарапшылардың зерттеулері де дәлелдей түседі. БҰҰ сарапшыларының зерттеулеріне қарағанда, 2020 жылдан кейін әлемнің 22 ірі мегаполисі құбырлар арқылы келетін тазартылған судың жетіспеушілігіне ұшырайды. Әсіресе Африка мен Қытай елдерінде қатты білінетін болады. Соның салдарынан Африка халқы Еуропаға көше бастайды екен. 2025 жылы әлемдік нарықта су экспорты халықаралық бизнеске жол ашады. Ғаламшардағы су тапшылығы мәселесі суды қайталап пайдалану технологиясын жасауға әкеледі . Ауыз судың бағасы мұнай бағасынан да бірнеше есе қымбат болады. Бұл болашақта күрделі мәселеге айналып, ауызсу үшін болатын соғыстарға әкелуі мүмкін.
Жоспар. Кіріспе бөлім. ____________________________ Негізгі бөлім. ____________________________ Қорытынды бөлім. ________________________ Айтылым тапсырмасы. «Ішкі және сыртқы шеңбер» 6 мин Жоспарыңыз бойынша мәтін мазмұнын жұбыңызға баяндаңыз. Оқушылар сынып ортысында ішкі және сыртқы шеңберге бөлініп тұрады. Әр оқушыға 2 минут уақыт беріледі. Ішкі шеңбердегі оқушылар сыртық шеңбердегі оқушыға жоспары бойынша мәтінді мазмұндайды. Одан кейін сыртық шеңбердегі оқушы ішкі шеңбердегі оқушыға мазмұндайды. Сағат тілімен бір қадамға ауысып, келесі жұпта да осы әдіс жалғасады. Оқушы мәтінді 3оқушыға мазмұндау керек. Кері байланыс. 5 минут Мен қандай жаңа сөздер үйрендім? Қандай тапсырма түрі маған пайдалырақ болды? Неге? | Таратпа материал | |||||||||||||||||||
Сабақ соңы 4 минут | Рефлексия «Бағдаршам» Мұғалім кез келген оқушылардың көтерген түстеріне қатысты пікірлерін сұрайды. «Бүгінгі жұмысымды қалай бағалаймын?» Жасыл- мен сабақта өте белсенді жұмыс жасадым. Сары- тапсырма маған қиын болды, бірақ мен орындадым. Қызыл- маған көмек қажет Үйге тапсырма Жаңа сөздерді жаттау. | Бағдаршамдар | |||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. | Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. | Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. | |||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?