Су-тіршілік көзі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ : №

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Сулейменова М.М.

Сынып: 5Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тараудың тақырыбы:

Сабақ тақырыбы:

Су-тіршілік көзі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

О6. Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау

5.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар жұпта оқылым мәтініндегі мәселені анықтап, осы мәселеге қатысты берілген сұраққа өз пікірлерін ортаға салып, сынып алдында қорғау арқылы сөздік қорды еске түсіреді.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда көрініс табады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады.Патриотизм және азаматтық жауапкершілігі мәтіндегі мәселені түсіне отрып, жұбына жеткізуде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, экология

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы

Бағалау критерийлері:

Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді.

Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді қолданады.

Дескрипторлар:

Берілген мәселені топта талқылайды;

Мәтіндегі ақпараттарды, жаңа сөздерді қолданады;

Мәселені шешудің кем дегенде 3 жолын көрсетеді;

Өзге топтарға таныстырады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:

Тұщы су тапшылығы, ауыз су мәселесі, су жетіспеушілігі, су бизнесі, су үшін соғыстар

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Бұл мәселені шешудің мынадай жолдарын ұсынамыз:.........

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар алдыңғы сабақта судың, шомылудың адам денсаулығына пайдасы туралы мәтіндермен танысып, тақырыпқа қатысты сөздік қорларын байытты.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

«Көңілді доп»

Өткен сабақтардағы сөздерді еске түсіру мақсатында оқушылар шеңбер бойында тұрып, бірінші оқушы бір сөз айтып, допты екінші оқушыға лақтырады. Екінші оқушы сөзден сөз тіркесін құрайды немесе сөйлем құрап айтады.

Оқушылар қима суреттерді сәйкестендіру арқылы

6 топқа бөлінеді. (Суреттер дидактикалық материалда)

Доп

Қима суреттер

Сабақ ортасы

36 минут

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы, оқу мақсаты және сабақ мақсатымен таныстырады.

Бағалау критерийімен таныстырады. 2 минут

Оқылымалды тапсырмасы 3 минут

Мұғалім слайдтан су тапшылығы мәселесіне қатысты оқушыларды жұпқа бөлуде қолданған суреттерді көрсетеді. Әр жұп өздеріне тиісті сурет туралы пікірлерін айтады. Алдыңғы сабақтардағы мәтіндермен байланыстырады. (Суреттер таныстырылымда)

Оқылым мәтіні

Халықаралық зерттеушілер 2030 жылдары планета тұрғындарының 47 пайызына тұщы су жетіспеушілігі болатынын айтады.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Муннің: «Әлем тұщы су үшін соғыс жағдайына жақындады» деген сөзі қауіп-қатердің мәнін байқатады. Ұйымның Бас хатшысы бекер алаңдамайды. Оны халықаралық сарапшылардың зерттеулері де дәлелдей түседі. БҰҰ сарапшыларының зерттеулеріне қарағанда, 2020 жылдан кейін әлемнің 22 ірі мегаполисі құбырлар арқылы келетін тазартылған судың жетіспеушілігіне ұшырайды. Әсіресе Африка мен Қытай елдерінде қатты білінетін болады. Соның салдарынан Африка халқы Еуропаға көше бастайды екен. 2025 жылы әлемдік нарықта су экспорты халықаралық бизнеске жол ашады. Ғаламшардағы су тапшылығы мәселесі суды қайталап пайдалану технологиясын жасауға әкеледі . Ауыз судың бағасы мұнай бағасынан да бірнеше есе қымбат болады. Бұл болашақта күрделі мәселеге айналып, ауызсу үшін болатын соғыстарға әкелуі мүмкін.

Оқылым тапсырмасы. 7 минут

Әр оқушы мәтінді оқу барысында мәселе көтерілген сөйлемдердің астын сызып отырады. Топта өзара анықтаған сөйлемдерін салыстырып, толықтырады. Мұғалімнің көмегімен оқушылардың жауаптары толықтырылады, мәтіндегі мәселе кездесетін сөйлемдер айқындалады.

Тақтада кластер арқылы мәселелерді толтыруға болады.

Тұшы су жетіспеушілігі су үшін соғыс

Су экспорты судың бағасы

Оқылымнан кейінгі тапсырма 8 минут

Әр жұп өздеріне тиісті мәселенің шешу жолдарын постерге түсіреді.

1-2топ

Ауыз су жетіспеушілігін қалай шешуге болады?

3-4-топ

Суды қалай үнемдеуге болады?

5-6-топ

Су үшін соғысты қалай болдырмауға болады?

1,3,5-топтар, 2,4,6-топтар бірге топтасады. Әр топ өз постерлерін өзге топтарға қорғайды. Әр топқа 2 минуттан уақыт беріледі. 6-7 минут

Бағалау

Топтар әр топты тыңдап болғаннан кейін, бағалау парағына бағалау критерийі мен дескрипторлар бойынша өзара бағалайды.

Топ

Бағалау критерийлері

Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді.

Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді қолданады.

Кері байланыс. 5 минут

Мәселеге қатысты өз пікірімді топқа ұсындым ба?

Қай топтың жұмысы ұнады?

Қандай маңызды ақпарат алдым?

Суреттер топтамасы

Таратпа материал

Сабақ соңы

4 минут

Рефлексия

Оқушылар таудың қай жерінде тұрғаны өздері ауызша айтады.

Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді қайталап жаттау.

Бүгінгі сабақта алған ақпараттар бойынша «Суды қалай үнемдеуге болады?» деген тақырыпта 7-8 сөйлемдік жазбаша мәтін құрау

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу