Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
|
| |||||||||||||||||||||||
|
| |||||||||||||||||||||||
|
|
| ||||||||||||||||||||||
|
| |||||||||||||||||||||||
Оқыту мақсаттары | ТБ1.4. Сөз таптары. Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану. | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін түсінеді, есімдіктерді ауызша және жазба жұмыстарда қолданады. | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Сабақ барысында қамтылатын білім беру құндылықтары:
| |||||||||||||||||||||||
Акт қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта визуалды материалды демонстрациялауға қолдану | |||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер тақырыбына диологке қатыса алады. | |||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут Сабақтың ортасы 10 минут 15 минут 5 минут | Ұйымдастыру Оқушыларды сабақтың мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстырып болған соң, сынып оқушыларын «Мозайка» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді,. Топқа бөлу үшін үй жануарларының суреттерін пайдалану. Әрбір топ ұқсас бөліктерді ретке келтіру арқылы топтасады.
Қызығушылықты ояту Төменде берілген суреттер арқылы оқушылар сабақтың тақырыбына болжам жасайды.
Сабақтың тақырыбы анықталған соң, оқушылар берілген суреттер бойынша сөздер мен сөз тіркестерін атап шығады. Сөздер мен сөз тіркестерін айтуда қиналатын оқушыларға арнайы үлестірмелі қағазға сөздер мен сөз тіркестерінің тізімі беріледі.
Оқушылар өз мысалдарын келтіріп болғаннан кейін мұғалім сабақ барысында өтілетін сөздердің тізбегін суреттер арқылы оқушылардың өзіне аудартады. төрт түлік мал жылқы - көлік - қымыз (сусын) - мәсі (аяқ киім) - ет (тағам) - оқтау ( ерте заманда жылқының сүйегінен жасаған) Суреттер арқылы сөздердің аудармасын анықтап болған соң, оқушылар әр сөзге сөз тіркесін құрастырып жазады. 1-тапсырма. Оқушылар сабақ барысында өтілетін сөздермен танысып болған соң, топтарға мәтіндер таратылады. Оқушылар мәтінді 3 мин. оқып, танысып шығады. Топ мүшелері өз рөлдерін бөліп алады. Олар: Баяндаушы – мәтін мазмұнын баяндайды. Сұрақ қоюшы – мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады. Бағалаушы – бағалау критерийі бойынша өзге топты бағалайды. Байланыстырушы – мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, нақты мысалдар келтіреді. Белгілеуші – мәтіндерден тірек сөздерді теріп жазады, мәтіннен жіктеу, сілтеу есімдіктерін тауып, кестеге толтырады.
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді де: - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті. - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, – депті түлкі. Мұны естіген ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сол кезде түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, оның мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті. «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты. Әр топ өз жұмысын аяқтаған соң, қарсылас топтың бағалаушысы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы баға береді. 2-тапсырма. «5 минуттық жазу» Оқушылар оқылым тапсырмасын орындап болған соң, сабақта өтілген тақырыпты негізге ала отырып, «Төрт түліктің пайдасы» тақырыбында жазылым тапсырмасын орындайды. Жазылым тапсырмасы барысында жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін пайдаланады. Керекті сөздер мен сөз тіркестері: менің ойымша, меніңше, себебі, сондықтан, сол себепті, қорыта айтқанда, біріншіден, екіншіден, мысалы, сусын, көлік, төрт түліктің төлі, үй жануары. Жазылым жұмысына дескрипторлар:
| |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс «Сэндвич» әдісі арқылы оқушылар өздеріне және топтағы жұмысқа кері байланыс жасайды. 1-қатпар: Позитивті ұсыныс, не ұнады? 2-қатпар: Констуктивті сын, не жақсарту керек және қалай жақсарту керек? 3-қатпар: Мынадай сөздер арқылы ұсыныс: Маған ұнады, бірақ келесіде.... (топ мүшелері берілген стикерге ойларын жазады) |
Қосымша ақпарат | ||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) |
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында құндылықтарды дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?