Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | ТБ1. Сөз таптары О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | ТБ1.5. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Шаблонмен қолданып, етістіктің болымды, болымсыз формаларын жасай алады. Ауызша және жазба жұмыстарда болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолдана алады . Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала біледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Сабақ тақырыбына қатысты жаңа сөздер мен жаңа ұғымдар беріледі. Сөйлемдерінің лексикалық –грамматикалық талаптарға сай құрылуына назар аударылады. Лексикалық минимум: қызыл кітапқа енгізу, қорғау, қоректену, суару, өсу, төлдеу, қолға үйрету, мекендеу т.б. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін дамыту, азаматтық жауапкершілігін арттыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады. Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин. | 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Сөйлемдердің жалғасын тауып, жұптарға бөлінейік. 1.Балапан құсты... атпайды. 2.Далада,жолда тұрған жалғыз ағашты... кеспейді. 3.Жаңа өсіп келе жатқан көкті... жұлмайды. 4.Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын... жемейді. 5.Құстың ұясын... бұзба.6.Құмырсқаның ұясын... баспа. 3. Сабақтың тақырыбын анықтау: -Берілген сөйлемдерді (табу сөздерді) екінші рет оқып шығып, сабақтың тақырыбын анықтаңыз. 4.Сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері талқыланады. | Слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу. 10 мин.
5 мин.
13 мин. 5 мин. | Жұптық жұмыс.1-тапсырма. А.Қазақ халқының тыйым сөздерін мұқият оқып шығып, етістіктің болымсыз формаларын тауып алыңыз. Ә. Болымсыз етістіктерді жасау үшін қандай жұрнақтарды пайдаланады? Балапан құсты атпайды. Далада,жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. Жаңа өсіп келе жатқан көкті жұлмайды. Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын... жемейді. Құстың ұясын бұзба. Құмырсқаның илеуін баспа. Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба. Малды теппе. Жалғыз ағашты жұлма. Көкті жұлма. Су шашып ойнама. Б. Болымсыз етістіктің жұрнақтарының жалғану тәртібін анықтаңыз.
Бағалау критерийлері: 1. Мәтіннен етістіктің болымсыз формаларын табады. 2. Болымсыз етістіктің жұрнақтары жалғану тәртібін анықтай алады. Бағалау. Бір-бірін шаблон кестесі бойынша тексеріп бағалаңыздар. -ма,- ме:1.Дауысты, 2.Р,Л,У: жұлма, өшірме -ба, -бе: 1.Ж, З, 2.М ,Н, Ң: жазба, көнбе -па, -пе:1.Қатаң, 2. Б,В,Г,Д: жыртпа, күтпе Жеке жұмыс.2-тапсырма. А. Шаблон көмегіне сүйене отырып, кестеде берілген болымды етістіктерді болымсызға айналдырыңыз. Ә. Кестедегі етістіктерді қатыстырып сөз тіркестерді құрастырыңыз. Көмекке берілген тірек сөздер: үкі, қызыл қасқыр, арқар, ақбөкен,қоқиқаз,дуадақ, т.б
Бағалау критерийлері: 1.Шаблонмен қолданып, етістіктің болымсыз формаларын жасай алады. 2. Болымсыз етістіктермен сөз тіркестерін құрастыра алады. Бір-бірін бағалау. Оқушылар дәптерлерді сағат тілімен бір-бірімен алмастырып, критерий бойынша бағалайды. Дұрыс жауаптар слайдта көрсетіледі. 3-тапсырма. Жұптық жұмыс. Мәтіннің ішінен етістіктерді тауып, формасын (болымды/болымсыз) ауызша анықтаңыз. Жер бетінде табиғатты аялаймыз!- Ормандарды, суларды ластамаймыз!- Құстарды қорғаймыз, атпаймыз, ұяларды сындырмаймыз!- Орманда тыныштық сақтаймыз, от жақпаймыз, ағаш кеспейміз!- Саны азайған жануарларды, өсімдіктерді қамқорлыққа аламыз!- Біз табиғатты қорғаймыз!- Жан -жануарларға қамқорлық жасаймыз! Бағалау. Жұптар бір-бірін бағалайды. Деңгейлік тапсырма. Сабақ барысында қарастырған 10 (болымды және болымсыз тұлғадағы) етістікті қатыстырып, таңдауы бойынша бір жануар туралы әңгіме жазыңыз. Жұмысты орындаған кезде ақпарат іздеу мақсатында ғаламтор көмегіне жүгінуге болады. Әңгіменің мазмұнын ашуға көмектесетін өзінің салған 1-2 суретімен толықтыруға болады. Бағалау критерийлері: 1.Болымды/болымсыз етістікті дұрыс қолданады. 2.Әңгіме құрылысын сақтайды. 3. Әңгіме 10 сөйлемнен тұрады.
| Слайд, парақша Парақша,слайд. Слайд Парақша Ноутбук Парақша | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?