Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: 6-сабақ | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Ж4. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау. ТБ1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтап, постер жасау; Сын есімдерді ажыратып, жазба жұмысында қолдану. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Оқушылар топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, ынтымақтастыққа үйренеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АҚТ қолдануы | Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | дән, өсіру, пайдалы, жер беті, қоршаған орта, қорғау, аялау, пайдалану, зияны | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Етістіктің болымды және болымсыз формасын ажырата алады. Болымсыз етістіктің жасалу жолын біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Суреттерге қарап, бұл қандай өсімдіктер екенін болжап көреді.
«Регель қызғалдағы»
«Еңлікгүл»
«Алматы апорты»
«Жабайы көкнәр» Жетекші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі неге нақты осы өсімдіктерге байланысты монеталар сериясын шығарды деп ойлайсыңдар? Бұл өсімдіктер мен монеталардың біздің сабақпен қандай байланысы болуы мүмкін?
| Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин
5 мин
5 мин 10 мин
| Жоғарыда көрсетілген суреттерді сипаттау. Суреттегі өсімдіктердің түсі қандай? Алматы апортының дәмі қандай? (қызыл, әдемі, тәтті) Сұрақтар. Түстерді ажырата аламыз ба? Заттың түрін, түсін, дәмін, қасиеттерін анықтау үшін қандай сөздерді қолданасыңдар? Бұл сөздер қай сөз табына жатады? Сын есім нені білдіреді? Ауызша жұмыс. Алма мен лимонның суреті көрсетіледі де, оқушылар ауызша сипаттайды.
1 тапсырма. Мына сын есімдердің арасынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажыратып алыңыздар.
2 тапсырма. Кестедегі 3 сын есімнің антонимдерін анықтаңыздар. Кері байланыс. Осы тапсырма пайдалы болды ма? Қай тапсырманы орындау қиын болды? 3 тапсырма «Әли мен Айяның гүлдері туралы әндері» бейнебаяны көрсетіледі. Жұптық жұмыс. Бейнебаяндағы заттарды сын есімдірді пайдаланып, сипаттап жазады. Екі жұптың жұмысы тыңдалады. 4 тапсырма Топтық жұмыс. Қызыл және жасыл түсті стикерлер арқылы 2 топқа бөлінеді. 1-топ «Қазақстандағы сирек кездесетін өсімдіктер әлемі» 2-топ «Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктерді қалай сақтап қалуға болады» деген тақырыпқа постер жасаңыздар. Төменде берілген сөздерді қолданады (алдын ала сөздерді талдап өту қажет): дән, өсіру, пайдалы, жер беті, қоршаған орта, қорғау, аялау, пайдалану, зияны Постерді бағалау критерийі: тақырыптың ашылуы 2 ұпай мәліметтің толық ұсынылуы 2 ұпай креативтілік 2 ұпай Ф. Оқушылар бір-бірін критерийлер арқылы бағалайды. | Слайд https://www.youtube.com/watch?v=qhZ3bxJCFk4 Әли мен Айяның гүлдер туралы әндері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Бес саусақ» тәсілі арқылы оқушылар бүгінгі сабаққа рафлексия жасайды. Бас бармақ – ұнады. Сұқ саусақ – түсіндім. Ортаңғы саусақ – қиын болды. Аты жоқ саусақ – қайталау керек. Шынашақ – түсінбедім.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Топтық жұмыс кезінде төмен оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан үйренеді. Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Оқушылар топта бір-біріне комментарий арқылы баға береді. | Берілген тапсырмалар оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп келтірмейді. Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ арқылы ақпаратты жадыларында ұзақ сақтай алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?