Гүл туралы аңыз. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: 7

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Гүл туралы аңыз

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т4. Көркем шығармаларды тыңдау. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну.

 Сабақтың мақсаттары

Таныс, таныс емес сөздерді талдау арқылы «Гүл туралы аңыз» мәтінінің мазмұнын түсінеді

 Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға түсініп жауап бере алды;
  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады;
  • Талқылау сұрақтары бойынша өз пікірін білдіре алады.

 Құндылықтар

Оқушылар ынтымақтаса отырып жұмыс істеу және бір-бірінің пікіріне құрмет көрсету құндылықтарын дамытады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: қимылды білдіретін сөздер, болымды етістік, болымсыз етістік, тыңдалым, мәтіннің мазмұны

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақстанда өсетін өсімдіктер туралы ақпаратпен танысты, заттың түрін, түсін сипаттайтын сөздерді біледі.

АКТ қолдану

Визуалды материалдарды беру үшін таныстырылым пайдаланылады.

Мәтіннің аудионұсқасы пайдаланылады.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

  • Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады.

- Бір оқушы мақсатты оқиды

-Басқа оқушылар осы мақсатты меңгеру үшін қандай тапсырмалар орындауға болатынын болжайды.

-Мұғалім қандай тапсырмалар болатынын түсіндіреді

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

7 минут

6 минут

5 минут

  • Тыңдалымалды тапсырма: Гүл туралы аңыз тыңдауға берілетіні хабарланады. Берілген кестеде гүлге қатысты сынды білдіретін және қимылды білдіретін сөздер жазу тапсырылады.

Қандай?

Не істеді?

Үлгісіз, шаблонсыз орындай алмайтын балаларға кестенің екінші нұсқасы беріледі

Қандай ?

Не істеді?

Қызыл гүл

Гүлді сыйлады

... гүл

Гүлді ...

... гүл

Гүлді ...

... гүл

Гүлді ...

  • «Кең ауқымды лекция» стратегиясы. Сынып жұптарға бөлінеді. Жұптың әрбір сыңары 1 және 2 деген нөмірлерді алады. Тыңдалым жұмысы қалай жүргізілетіні түсіндіріледі: Мұғалім мәтінді 4 бөлікке бөліп кідіріспен оқиды (немесе аудиожазбадан тыңдатылады). Бірінші бөлік оқылып жатқанда бірінші нөмірлі оқушы кездескен таныс сөздерді жазып отырады, екінші нөмірлі оқушылар мағынасы түсініксіз сөздерді жазып отырады. Мұғалім кідіріс жасаған кезде жұптағы оқушылар оқушылар өзара пікір алмасады: нөмір бірінші оқушы қандай таныс сөздер болғанын айтады, нөмір екінші оқушылар түсініксіз сөздерді айтады, екеулеп сөздік арқылы мағынасын анықтайды.

Екінші бөлікті оқыған кезде жұптағы оқушылар міндеттерімен алмасады. Алдыңғы бөліктегідей жұмыс жалғаса береді. Осылай мәтіннің соңына дейін талқылап шығады.

Таныс сөздер

Таныс емес сөздер

  • Тыңдалымның екінші тапсырмасы:

Мәтін екінші рет тұтас оқылады. Оқушылар берілген сөйлемдерге тиісті сөздер мен сөз тіркестерін қояды.

 Ерте, ерте, ертеде ... шаруалар әдемі гүлдер өсіретін.

 Барлық гүлдерді құртыңдар да, орнына ... егіңдер.

 Гүл ... сәні ғой. Бірақ ашулы хан ешкімді ...

  Мерекелерде адамдар бір-біріне ... сыйлай алмады.

 Аралар да қайдан бал жинарын білмей, құр ызыңдап ұша берді.

Бір күні хан қатты ..

Содан бері ... гүлдерді баптап өсіріп, гүлге араларды жіберіп, бал жинай береді.

Осы оқиғадан кейін хан қайтадан гүл егіп, жер бетін жайнатуға ...

4.Топтарда берілген сұрақтарға жауап беру

Сұрақтар:

  • Шаруалар не екті?
  • Дала қандай еді?
  • Хан не істеуге бұйырды?
  • Хан не істеді?
  • Кім гүлін өлтірмеді?
  • Бір күні ханға не болды?
  • Ханды емдеу үшін не керек болды?
  • Балды кім тауып берді?
  • Хан қандай жарлық береді?
  • Хан ауырмағанда не болар еді?

Қабілеті жоғары оқушылар сұрақты өздері құрстырады.

Мұғалім топтардағы талқылауларды бақылайды. Керек болғанда нұсқаулықтар береді, түсініктеме береді.

5.Топтар бір-біріне сұрақтар қояды-жауап береді.

6. Мұғалім кері байланысы.

Жалпы сынып қалай жұмыс істегенін, не сәтті болғанын, жеке оқушылардың сәтті жауаптарын, қызықты идеяларын атап өтеді. Ұсыныстар айтады.

http://bilimdiler.kz/biologia/6057-gul-turaly-anyz.html С. Оспановтың «Гүл туралы аңыз» ертегісі.

Кестелер

Стратегия. «Кең ауқымды лекция»

Кестелер

Сұрақтар

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер»

Мен үшін .......... (қызық болды, қиын болды)

Мен сабақта ........ (үйрендім)

Мен сабақта ......... (белсенді болдым, белсенді бола алмадым)

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Әр тапсырманы орындау үшін оқушыларға қажетті нұсқаулықтар мен шаблондар, лексикалық минимум беріледі.Сабақтың кез келген бөлігінде оқушылардың пікір алмасуына уақыт бере отырып, сыныптасынан көмек алуға мүмкіндік беремін. Қажеттіліктері әртүрлі оқушыларға бір тапсырманың әртүрлі нұсқалары ұсынылады.

Оқушылардың толтырған кестелерін, жұптағы, топтағы талқылауларын бақылап жүремін, жазған мәтіндерін бағалаймын

Оқушылар бірлесе оқып-үйрену дағдыларын, сыни ойлау дағдыларын , айтылым дағдыларын дамыта алады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

САБАҚ: 8

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Гүл туралы аңыз

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

ТБ1.5.Сөз таптары Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

 Сабақтың мақсаттары

Тақырып аясында болымды, болымсыз етістіктерді қолдануға үйренеді

 Жетістік критерийлері

Берілген жағдаяттарда ойын білдіру үшін етістіктің болымды және болымсыз түрлерін дұрыс қолдана алды

 Құндылықтар

Оқушылар ынтымақтаса отырып жұмыс істеу және бір-бірінің пікіріне құрмет көрсету құндылықтарын дамытады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: қимылды білдіретін сөздер, болымды етістік, болымсыз етістік, тыңдалым, мәтіннің мазмұны

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақстанда өсетін өсімдіктер туралы, гүлдерге қатысты сынды және қимылды білдіретін сөздерді біледі.

Сөздің түбірі, жалғауы ұғымдарын біледі

АКТ қолдану

Визуалды материалдарды беру үшін таныстырылым пайдаланылады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

  • Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері талқыланады.

- Бір оқушы мақсатты оқиды

-Басқа оқушылар осы мақсатқа жету үшін қандай тапсырмалар орындауға болатынын, критерий қандай болатынын болжайды

-Мұғалім қандай тапсырмалар болатынын түсіндіреді

Сабақтың ортасы

7 минут

5 минут

10 минут

12 минут

2 минут

1.Берілген етістіктерді салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айту

Келді – келмеді-келген жоқ

Қалды- қалмады- қалған жоқ

Айтты -айтпады -айтқан жоқ

Төкті - төкпеді - төккен жоқ

Жанды - жанбады - жанған жоқ

Сөнді - сөнбеді - сөнген жоқ

Қорытынды: болымсыз етістік қалай жасалады екен.

Бұл тапсырма топ ішінде талқыланады да, жалпысыныптық талқылауға шығарылады.

2. «Бинго» ойыны. Берілген сөздерді торкөздерге дұрыс орналастыру. (Топтар арасында жарыс: кім тез аяқтайды )

Не срывают

дарят

растет

Не слушает

собирают

Не завянет

Не дарят

Не могут найти

Сажаем цветы

Өседі, солмайды, сыйлайды, гүл егеміз, тыңдамайды, сыйламайды, жинайды, таба алмайды, жұлмайды

  • Сұхбат құрастыру.

Оқушылар жұптарға бөлініп бір-бірінен сұхбат алуға дайындалады.

Жағдаяттар:

  • Телетілші гүл өсірушінің жылыжайында
  • Дәрігер науқасқа гүлдің емдік қасиеттері туралы әңгімелейді
  • Мұғалім мен оқушы Қазақстанда өсетін гүл түрлері туралы әңгімелеседі.

Сұхбат дайындау үшін оқушылардың білмейтін қазақша сөздер мен сөз тіркестерін мұғалім оқушылардың сұранысына қарай беріп отырады.

Үлгілер

1 жағдаят бойынша:

Сәлеметсіз бе, мен... арнасының тілішісі ...

Мен сізге... үшін келдім, Сіз туралы... естідім, Гүлдеріңіз қандай... және... ! Бірнеше сұрақтарыма жауа бересіз бе; Бірінші сұрағым..., сұхбатыңызға рахмет,

2 жағдаят бойынша:

Сәлеметсіз бе, қай жеріңізі ауырады, жөтел қысып, түнімен ұйықтай алмаймын, қызуыңызды өлшедіңіз бе, маған дәрі ішуге болмайды, ... емдік қасиеті өте күшті, оның құрамында..бар, тұнбасын дайындау керек т.б

3 жағдаят бойынша:

Қазақстан жері алуан түрлі өсімдіктерге бай, қандай өсімдіктер өседі, қай өңірде қандай гүлдер өседі, сирек кездесетін гүлдер, ... гүлінің түсі..., сабағы..., емдік қасиеттері бар гүлдер.. т.б.

  • Сұхбат. Жұптар сыныптың алдына шығып, өз сұхбаттарын жүргізеді.

Мұғалімнің алдын ала тапсыруы бойынша басқа оқушылар кері байланыс береді: не сәтті болды, қандай ұсыныс айтамын.

Мұғалім кері байланыс береді. Жалпы сынып қалай жұмыс істеді, не сәтті болды, жеке оқушылардың сәтті жауаптары, қызықты идеялар. Қандай ұсыныстар айтамын.

.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия. Жеке оқушылар өздерінің сыныптағы жұмысында жақсы болған екі жағдайды, қиындық туғызған бір мәселені айтады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Әр тапсырманы орындау үшін оқушыларға қажетті нұсқаулықтар мен шаблондар, лексикалық минимум беріледі.Сабақтың кез келген бөлігінде оқушылардың пікір алмасуына уақыт бере отырып, сыныптасынан көмек алуға мүмкіндік беремін. Қажеттіліктері әртүрлі оқушыларға бір тапсырманың әртүрлі нұсқалары ұсынылады.

Оқушылардың толтырған кестелерін, жұптағы, топтағы талқылауларын бақылап жүремін, жазған мәтіндерін бағалаймын

Оқушылар бірлесе оқып-үйрену дағдыларын, сыни ойлау дағдыларын , айтылым дағдыларын дамыта алады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу