Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: 11

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5-cынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлімнің тақырыбы

Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.

Сабақтың тақырыбы

Қар барысы – сұлу аң

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

ТБ2. Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.

 Сабақтың мақсаттары

  • Табиғатты сипаттап жазуда эссе құрылымын сақтайды және өз жазылымында сипаттау мәнді сөздермен қатар, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолдана алады.

 Бағалау критерийлері

  • Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолдана алады.
  • Құрылымын сақтай отырып сипаттау эссесін жаза алады;

 АКТ қолдану

  • АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану (интер белсенді тақта)

 Сабақта қамтылатын

 білім беру

 құндылықтары

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;
  • топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;
  • топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағы еңбек және шығармашылық;
  • білімін тереңдету, қажетті материалдарды табу, өзінің жұмысын ұсыну мақсатында өмір бойы оқу.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар: оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын, болжамдарын тыңдалым/айтылым материалдарына сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы, креативті шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, еркін жеткізе алады.

Пән лексикасы және терминология: жер беті, қоршаған орта, қорғау, аялау, пайдалану, зияны, сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан, қызыл кітап, енгізу, өсімдік т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім

Сөз табы, есім сөздер, есімдіктің түрлері, шылау, шылаудың түрлері.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

2 минут

Сергіту сәті: «Қара, есіңе сақта, топтастыр».

Бұл жерде оқушыларға аңдардың суреттерін көрсетесіздер, кейін алып тастап, қандай аңдар көргендерін, олар туралы не білетіндерін сұрау арқылы оларды топтарға бөлесіздер. Мысалы, тауда өмір сүретіндер, орманда мекендейтіндер т.б

Мақсаты: сыни ойлауын дамыту, визуалды есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Қызығушылықты ояту:

Суреттер көмегімен жаңа тақырыпты болжау, оларды сөйлету әр жұпқа 2 мин беріледі.

Оқу мақсаттарымен таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге жасалынады.

Мұғалім оқушыларға мақсатты таныстырған соң, бүгінгі сабақта орындалатын тапсырмаларды қалай бағалайтындарын ақылдасады, оқушылардың болжам жауаптарымен критеий құрастырылады.

Сабақтың ортасы

5 минут

3 минту

3 минут

15 минут

6 минут

  • Тыңдалымалды тапсырма:
  • Оқушыларға «Барыс туралы біз не білеміз?» - деген бейнефильмді көре отыра барысты сипаттау кезінде қолданған тіркестерді жазып отыру тапсырылады (Жеке жұмыс).
  • Әр бала өз жазғандарын жұпта талқылап, өз жазбаларын толықтырады. (Жұптық жұмыс).

Оқушыларды топқа бөлу. Атомдар мен молекулалар.

Оқушылар ортаға шығады. Атом дегенде қозғалыста болады да, молекула 2 дегенде екеуден, молекула 3 дегенде үшеуден топтасады.

  • Тыңдалым тапсырмасы:

Тыңдалым жұмысы аяқталған соң оқушылар cұраулы сөйлемнің сұрағына бейнематериал мазмұны бойынша не хабарлы, не сұраулы сөйлеммен (көп нүктенің орнына сөздер мен сөз тіркестерін қойып) жауап береді.(Топтық жұмыс)

Сұраулы сөйлем

Хабарлы сөйлем

Лепті сөйлем

Қар барысы қандай аң?

Қар барысы ......... аң

Охо, қар барысы қандай......

Қар барысы қайда өмір сүреді?

Ол биік ........ басында өмір сүреді.

Қар барысын кімге теңер едің?

Қар барысы таулы әлемнің .......

Қазақстанда қанша қар барысы бар?

Қазақстанда ........дейін қар барыстары өмір сүреді.

  • «РАФТ» стратегиясын пайдаланып, сипаттау эссесін жазу.

Бұл жерде оқушыларға жазылым кезіндегі рөлі, кімге арнап жазатындығы, яғни аудирориясы және формасы мен тақырыбы түсіндіріледі.

Рөлі

Аудиториясы

Формасы

Тақырыбы

Балалар энциклопедиясының авторы

Жалпы оқырман

Эссе

Қар барысының сұлулығы неде?

Оқушыларға жазылым кезінде қолдануға болатын сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады: сұлу аң, тау патшасы, жалғанды жалпағынан басып жүреді, паң жүрісі, биіктең қарғиды, сирек кездесетін т.б

  • «Автор орындығы» стратегиясы арқылы оқушылар эсселерін оқып, бір-бірлерін бағалау жүреді.

«Автор орындығына» кез келген оқушыны немесе топтағы үздік жұмысты шығаруға болады. Бұл жерде оқылған жұмысқа оқушылар бағалау жүргізуі керек, ол топта жүреді. Ол үшін оқушыларға бағалау парағы беріледі, бір-бірінің жұмысын бағалайды.

http://bilimland.kz/kk

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

«Аяқталмаған 4 сөйлем»

Бүгін мен...................... білдім

*................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.*......................... екенін түсіндім.

Тақтаға рефлексия жасау үшін дайын құрылымды шығарып, оқушылар бүгінгі өзінің әрекетіне талдау жасайды. Сол арқылы мұғалім бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын анықтай алады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

  • Әр оқушының жұмысына «түртіп алу» стратегиясы бойынша кері байланыс беру
  • Қабілеті жоғары оқушыларға жазылым кезінде РАФТ-ты қолданғанда рөлін, формасын өзгертіп беруге болады

Жаратылыстану бағытындағы пәндермен байланысы күшті сабақ, әсіресе Қазақстандағы қызыл кітапқа енген жануарлардың мекендейтін жерлері, тұрағы туралы ақпарат география пәнінен алған білімдерін көрсетеді.

Оқушы тыңдалым материалын АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып көреді.

Оқушы қоршаған ортаның бір бөлігі екенін сезіне отыра, оған деген өз жауапкершілігін сезінеді.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу