Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі Мекен және мезгіл үстеулері. 3-бөлім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: 12-13-сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі

Мекен және мезгіл үстеулері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

ТБ1.6.

Мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

 Сабақтың мақсаттары

Мезгіл және мекен үстеулерінің ерекшелігін түсінеді, жазба жұмысында қолданады.

 Бағалау критерийлері

Мезгіл және мекен үстеулерін сөйлемде қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар: оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын, болжамдарын оқылым материалдарына сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы, шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, еркін жеткізе алады.

Пән лексикасы және терминология: мекен үстеуі, мезгіл үстеуі

 Сабақта қамтылатын

 білім беру

құндылықтары

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;
  • топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;
  • топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағы еңбек және шығармашылық;

білімін тереңдету, қажетті материалдарды табу, өзінің жұмысын ұсыну мақсатында өмір бойы оқу.

АКТ қолдану

АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану (интербелсенді тақта)

Осыған дейін меңгерілген білім

Берілген ақпараттың негізгісі мен қосымшасын ажырата алды. Тірек сөздер арқылы оқылым мәтінінің мағынасын түсінді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

Сабақтың ортасы

20 минут

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

5 минут

Оқушылар берілген суреттерге қарай отырып, оларға сұрақ қояды, сөз табын анықтайды. Сөздердің мекен, мезгіл мағынасын беретіндігі, сөз таптарының ішінде үстеуге қатыстылығы анықталады.

Таңертең, түнде, жоғары, төмен үстеулерінің мезгіл, мекен мәнді білдіруі талданады.

Мұғалім оқу мақсаттарымен таныстырады, жетістік критерийлері оқушылармен бірге ойластырылады.

Оқушыларға тақырыпты меңгеру кезінде мекен, мезгіл үстеулері жайлы ақпарат таратпа материалы ретінде беріледі.

Үстеу түрі

Сұрақтары

Қолданылуы

Мысалдар

Мезгіл үстеуі

қашан? қашаннан?

Қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Етістікпен тіркесіп қолданылады.

Таңертең кетті, жазғытұрым келеді, ала жаздай еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды

Мекен үстеуі

қайда? қайдан? қалай қарай?

қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, сұрақтарына жауап береді

Алға жылжыды, ілгері-кейін қозғалды, жоғарыдан түсті.

Жұптық жұмыс.

Оқушыларға жайылымда жүрген төрт түлік мал бейнеленген сурет беріледі. оқушылар жұпта Суретке атау қойып, сурет мазмұнын жұпта талқылайды.

Жұпта талқылаған соң, мұғалім оқушыларға мәтін таратады. Мәтіннің құрамындағы көп нүкте қойылған жерлерге қажетті үстеулерді жазады.

.... мезгіл болатын. Алатаудың бөктерінде жайылып бір топ мал жүр. Оларды иелері ... өріске айдап әкелген еді. Мал жайылымының шөбі құнарлы, маңайында ағаштар өсіп тұр. ... тау көрінеді. ... күннің көзі жарқырап, шуағын төгіп тұр. Күннің ыстығында тау етегінде ағып жатқан өзеннен мал сусынын қандырады. Осылайша төрт түлік жайлауда шөпке тойып, ... өрістен қайтады.

Жұптар жұмыстарын «Галереяға саяхат» әдісі арқылы бір-біріне таныстырады. Басқа оқушылар стикерде өзгенің жұмысын бағалайды, пікір жазады.

Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға «Шеңберде доп лақтыру» ойынын ойнау ұсынылады. Ойын барысында оқушы өзінің сабақтағы әрекетін үстеумен байланыстырып, 1 сөйлеммен айтады. Мысалы: Мен бүгін үй жануарлары туралы ақпарат алдым.

Рефлексия. Кеше, бүгін, ертең

Оқушылар өз әрекеттеріне баға бере отыра, үстеулерді қолданады. Ал мұғалімінің өз сабағының сәтті, сәтсіз тұстарын анықтай алады. Әсіресе, «Ертең» кезеңінде айтылған оқушы пікірі маңызды. Өйткені оқушы өзіне қиындық тудырған мәселелерді атап көрсетуі мүмкін.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу