Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


Амандасу әдебі

 Амандасудың үлкен-кішіге қатысты айтылатын түрлері бар. Ер адамдар бір-біріне, өзінен жасы үлкен кісіге, ақсақал, қарт адамға «Ассалаумағалейкум!» деп амандасқан жөн, бұл жағдайда міндетті түрде «Уағаллейкумсалам!» деп жауап қайтару керек. Апа, әжелерге «Амансыз ба, әже!», «Амансыз ба, апа!» дейді. «Сәлеметсіз бе!» деп амандасу жиі айтылады. Жақын туыстардың есімін қосып айтып сәлемдесуге болады. Мысалы, «Амансыз ба, Маржан апа!», «Сәлеметсіз бе, Айбек аға!». Ұстазбен сәлемдескенде «Сәлеметсіз бе, Бекзат ағай!» немесе «Сәлеметсіз бе, Бекзат Шыңғысұлы!», «Сәлеметсіз бе, Дана апай!» немесе «Сәлеметсіз бе, Дана Абылайқызы!» деп айтуға болады.

Әдетте қарсы келе жатқан адаммен қатарласуға бірнеше қадам (3-4 қадам) қалғанда амандасады.

 Қандай жағдайда орнынан тұрып сәлемдесу керек?

Орнынан тұру дегеніміз — құрмет көрсету. Ұл бала да, қыз бала да үлкен кісілермен амандасқанда орнынан тұрады.

 Кімнің бірінші болып амандасуы керек?

Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, ұл бала қыз баламен бірінші болып сәлемдеседі. Кірген адам отырған адамдармен бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқан адам қалушылармен бірінші болып қоштасады.

 Сәлемдескендегі бас киім туралы. Бас киімді шешіп сәлемдесу әдепке ждатады. Мүмкін болған жағдайда (егер ол сіздің денсаулығыңызға зиян келтірмесе, ауа райы нашар кезде, екі қолмен ауыр жүк көтеріп келе жатқанда болмаса) бас киімді шешіп сәлемдескен дұрыс.

 

  45minutkz.wordpress.com2012/11/10/сәлемдесу-ізеттілік-белгісі

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу