Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Төрт түлік мал. 3-бөлім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.
Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған.
Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгеге иесіне сыйлық беретін болған.
Сиыр малы момақан, қазақ халқы үшін көбінесе тамаққа жараған, сүттен айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік сияқты тағамдарды дайындаған. Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді.
Қой – төрт түлік малдың ішіндегі ең сүйіктісі. Өзі момақан, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген.
Ешкі де өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады.
Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Жылқының жалынан арқан, сиыр мүйізінен тарақ жасаған, қой жүнінен киіз, текемет, сырт киім, түйе жүнінен шекпен тоқыған. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз балаларын да «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп еркелетіп отырған.https://www.zharar.com/kz/referat/1959-mal.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?