Әдепті бала - арлы бала. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: 11 | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Үсен Айгүл Мырзакелдіқызы | |||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны: 10 | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Әдепті бала - арлы бала | |||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу. | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Қосымша ақпарат көздерінен мәліметтерді тауып оқиды; Маңызды ақпараттарды анықтай алады. | |||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: еркелету, сағыну, қызғану, жек көру, менмендік, балалық, аяу,сыйлау, болашағын ойлау, ұнау т.б. | |||||||||||||||||
Алдыңғы оқу | Алдыңғы сабақта оқушылар лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білді, жазба, ауызша жұмыстарда қолдануды үйренді. | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Оқушылармен амандасу. «Мына қасиеттер кай кейіпкерге тән?» Қожа - шашы қайратты, орта бойлы, жасы он екіде Жанар — Қожамен бірге оқиды. Дауысы әдемі, ән салады. Сыныптағы бірінші үздік оқушы. Сұлтан —Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен, жаман қылықтарға әуес. Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз. Оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерімен таныстыру | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 5 минут 20 минут | Топтарға мақал-мәтелдерді қиындыларға бөліп таратып беру 1-топ: Әдепті бала — арлы бала,Әдепсіз бала — сорлы бала.2-топ: Жаманға айтқан ақылың,Далаға атқан оқпен тең.3-топ: Татулық — табылмас байлық.4-топ: Жақсы адам — елдің ырысы,Жақсы жер — жанның тынысы. Бағалау «Бас бармақ» Берілген мақал-мәтелдерді оқушылар дұрыс құрастырып, мағынасын түсіндіреді, сабақтың тақырыбымен танысады; Әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелей отырып, мынадай сұрақтар қою.1.Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?2.Әдепті бала қандай деп ойлайсың? 3.Қожаның өз мінез-құлқы жайында ойлауына не мәжбүр етті? 4.Қожаның сотқар болуы мен әдепті жолға түсуіне не себеп болды? Бағалау «Үш шапалақ» Топтық жұмыс Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жұмыс жүргізу. Оқыған мәтін бойынша оқушылар төмендегі 4 тапсырманы жаңа сөздерді пайдалана отырып, орындаулары тиіс: 1. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазыңыздар. 2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер. 3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар «Менің атым Қожа» повесінен тауып жазу 1-топ: Қожаның сотқар болуына әсер еткен факторлар 2– топ: Қожаның әдепті жолға түсуіне әсер еткен факторлар Қосымша ақпарат көздерінен мәліметтер тауып оқу ІІІ топ: Адамдың сотқар болуына әсер ететін факторлар әсер ІV топ: Адамның әдепті болуына әсер ететін факторлар Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» | http://kitap.kz/reader/menn_atim_koj https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B4%D0%B5%D0%BF%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA Әдептілік туралы мәтін (125 сөз) Флипчарт маркер | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үйге тапсырма: «Әдепті бала қандай болу керек?» деген тақырыпта нақты аргументтер келтіре отырып, эссе жазу. Рефлексия Ойды аяқта: Бүгін мен білдім ... Мен үйрендім ... Қиындық тудырды ... Қолымнан келді ... | стикер | ||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Ә-ке ерекше мән беріледі. Әбу Наср әл-Фараби “Қайырымды қала адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде Ә-ті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Ғұламаның этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Сондықтан мейірбандық Ә. ұғымын толықтыра түседі, оны ұдайы жетілдіріп отырады. М. Жұмабаев 1922 жылы жазған “Педагогика” оқулығында Ә. пед. сендіру, мәдениеттілік, тәрбиенің нақты іске асқан үлгісі екенін айтқан. Пед. ғылымында Ә. гуманистік Ә., демократиялық Ә. және діни Ә. болып бөлінеді. а) Гуманистік Ә. — оқу-ағарту жүйесін және жоғары мәдениеттілікті арттыруға негізделген; б) Демократиялық Ә. — қоғамның рухани дамуы мен экон. жетілуінің басты мәселесі ретінде шешуші рөл атқарады; в) діни Ә. — гуманистік және демократиялық Ә-ті жүзеге асырудың бір тірегі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?