Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі (пысықтау сабағы). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

  • САБАҚ: №12
  • Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсебай Ботакөз Оразәліқызы
  • Сынып: 5
  • Қатысқан оқушылар саны: 10
  • Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі (пысықтау сабағы)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығарма бойынша түсінгендіктерін білдіре алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Кейіпкерге (адамға) әсер ететін факторларды анықтай алады

 Бағалау критерийі

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды ажыратады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ибалы, құрмет, кикілжің

Диалог құруға жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«Менің ойымша ...», «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...»,

«Оны мен мына фактілермен дәлелдей аламын ...»,

-«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...».

Алдыңғы оқу

Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

2 минут

Сабақтың ортасы

7 минут

13 мин

3 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.

Топтық жұмыс: «Сөздік гол» ойыны.

Сынып бұрышында ілінген сөздердің м ағынасын ашып, сөйлем құрап жазу.

Сөз

Мағынасы

Сөйлем

Ынтымақ

Ибалы

Бағалау критерийі:

1.Жасырынған сөздерді рет-ретімен дұрыс таба біледі;

2.Сөздердің мағынасын аша біледі;

3.Құраған сөйлемдері көркем әрі түсінікті.

Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын, үй тапсырмасын пысықтаймын.

Оқушыларды сурет қиындылары арқылы 2 топқа бөлу.

II. Оқылым тапсырмасы

Мәтінді оқып, берілген ақпараттардың ішіндегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз.

-Шешең үйде ме?

-Үйде жоқ. Фермаға кетті.

-Солай де. Еее...

-Үйде қымыз бар шығар?

-Бітті.

-Сенің атың кім?

-Дәулет.

-Жақсы ат екен. Әдемі ат. Менің де атым - Дәулет. Мұндай аты жақсы адам әсте өтірік айтпайды. Қымыз бар ғой, иә?

-Бар.

-Тамаша!

-Үйге кірейік, қожайын. Қожа, жүр, үй иесі ренжіп жүрер. Жүр, жүр, жүр. Дәмнен үлкен емеспіз ғой.

-Бәрекелді! Сен өзің жомарт екенсің. Кеңпейіл ниетіңе ризамыз. Мә, мынаған кәмпит алып жей ғой.

(Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. 72 сөз)

Ақпараттар

Негізгі ақпарат «V»

1

Үйге Жұмағүл кіріп келді.

2

Анасы фермаға кетті.

V

3

Келген қонақтарға Дәулет қымыз берді.

V

4

Қожаның анасы риза болды.

Дискриптор:

Мәтінді түсініп оқиды;

Берілген ақпараттардың ішінен 2 негізгі ақпаратты анықтайды.

III. Оқылымнан кейінгі тапсырма. Топтық жұмыс

«Аукцион» ойыны арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар

Ұпай саны

1

Повесть қалай басталады?

10

2

Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіреді?

30

3

Мектеп жанында кезіккен сыныптасы Жантас Қожаға не деп айтып еді, одан кейінгі Қожаның әрекеті қандай болды?

40

4

Майқанова мен Қожаның арасындағы кикілжің неден басталған еді?

20

Бағалау

презентация

Kitap.kz/readermen_atim

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа»

Сабақтың соңы

5 минут

IV. Рефлекция. «Бүгін сабақтан алған әсерім»

V. Үйге тапсырма: Тәрбие туралы 5 мақал-мәтел жаттап келу. «Әдепті бала қандай болу керек деп ойлайсың?» деген тақырып бойынша балалар өз ойларын 3-4 сөйлеммен жеткізеді.

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында құндылықтарды дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу