Үлгілі мектептер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, презентация.


Тақырыбы: Үлгілі мектептер

Оқу мақсаты: А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

 

Сабақ мақсаты:

Болашақтың мектебі туралы өз ұсынысын білдіру.

Мәтіннен сөз таптарын сұрақтары бойынша ажырату.

Өз көзқарасын сенімді білдіру.

Бағалау критерийі:

Сұрақтарға еркін жауап бере алады.

Көзқарасын дәлелді жеткізеді.

Қызығушылықты ояту

“Көңілді доп”

Сұрақтарға жауап беріңіз:

Мектеп деген не?

Саған мектепте не ұнайды?

Егер қолыңда билік болса, мектепте нені өзгертер едің?

Болашақтың мектебін қалай елестетесің?

Топтық жұмыс.

“4 аялдама”

1-топ 1-аялдаманың шарты ( берілген мәтіннен кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып жазу)

2-топ 2-аялдаманың шарты (мәтіннен не істеді? не істеген? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазу);

3-топ 3-аялдаманың шарты (мәтіннен қандай? сұрағына жауап болатын сөздерді теріп жазу);

4-топ 4-аялдаманың шарты (қанша? сұрағына мысалдар жазу)

 

Шығармашылық жұмыс.

«Болашақтың мектебі» атты жазба жұмысын жазыңыз. Сонан соң оны өзіңіңіздің жұбыңызға таныстырыңыз.

Шарты:

Болашақтың мектебі қазіргі мектептен жаңаша үлгіде болу керек;

Ойға қонымды, шындыққа жанасымды болу қажет.

Бағалау «Бас бармақ» әдісі.

 

Кері байланыс

Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды сандықшаға салыңыздар, керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар. Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу