Қожа бейнесі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: №5 Бөлім атауы: Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала. | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Құлжаева Ботакөз Жүнісқызы | ||||||||||||||||||
Сынып: 5 Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қожа бейнесі | ||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау. | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Қажетті ақпаратты анықтай алады; Өмірмен байланыстыра алады. | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
| ||||||||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар: |
| ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: |
| ||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер: |
| ||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу | Сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдысы қалыптасты. | ||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут 3 минут 5 минут | Қызығушылықты ояту («Менің атым Қожа» 2-тарауынан үзінді) (1,26 минут) -Балалар, бұл бейнефильмнен не түсіндіңіздер? -Қожаның қандай әрекетін байқадыңыздар? «Мозайка» Суреттердің қиындысын құрастыру арқылы оқушылар жұптарға бөлінеді.
Білу «Есіңе түсір» (Шығармадағы есімдерді қайталау) 1.Қожаның шын аты (Қожаберген) 2.Қожаның Жантас қойған аты (Қара көже) 3.Қожаға әжесі қойған ат (Тампыш неме) 4.Қожаның әкесінің аты (Қадыр) 5.Қожаның мамасының аты (Миллат) 6.Қойшының баласының аты (Дәулет) 7.Орыс тілі пәні мұғалімінің аты (Анфиса Михайловна) 8.Зоология пәні мұғалімінің аты (Оспанов)Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру; | https://www. youtube.com/ watch? v=A5XL-t_M93g Фото суреттер | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут
7 минут
5 минут
3 минут | Түсіну Оқылымалды тапсырма Сөздікпен жұмыс. Сөздердің мағынасын түсіндіріңіз. қалжырадым- шаршадым, әлсіредім тамақтанып алайын- азықтанып алайын, әлденіп алайын жүрегім дір етіп– сескенуіп, қорқып иесі– егесі, отағасы жексенбі сайын – демалыс күн сайын кіжінемін – ызаланамын күбі – ағаш кеспек, ас үйде қолданылатын тұрмыстық зат ТЖ. Оқылым тапсырмасы. Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» ІІ тарауынан үзіндімен танысып оқиды. Мәтіндегі негізгі ақпаратты «Жигсо»әдісі арқылы анықтайды. Жигсо әдісі - 1)Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді. Оқушылар да 4 адамнан тұратын шағын топтарға бөлініп,1-ден 4-ке дейін нөмірленеді.Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды:мәтіннің бірінші бөлігін №1оқушы,екінші бөлігін№2 оқушы,т.с.с.Бастапқы топта олардың басты міндеті-мәтінді оқу,ақпаратпен танысу. 2)Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп,жаңа топтар(«сарапшылар тобы») құрылады.Сарапшылар топтарында оқушылар нөмірленіп жинақталады:мәтіннің №1бөлігін оқыған оқушылар бір топқа,№2 бөлігін оқығандар екінші топқа т.с.с.Сарапшылар тобында оқушылар мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана жан-жақты талқылайды.Бұдан кейін сарапшылар бастапқы топқа қайта оралып,өзге оқушыларды кезекпен өз бөлімдеріне үйретеді. Бағалау критерийі: -қажетті ақпаратты анықтай алады; -өмірмен байланыстыра алады. - Балалар, мектебіміздің құндылықтарын атап жіберіңдерші? - Әңгімеде «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген сөз қалай көрініс тауып отыр? ЖЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма: Ойын арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1.Повесть қалай басталады? 10 ұпай 2.Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіреді? 20 ұпай 3.Повестің басты кейіпкері Қожа қандай бала? 30 ұпай 4.Қожаның қателіктерге ұрына беруінің себебі не, қалай ойлайсыздар? 40 ұпай 5.Қожа кімнің тәрбиесінде болды? 50 ұпай 6.Ол мамасын Қаратайдан неге қызғанды? 60 ұпай 7.Қазіргі таңда әр сыныпта Қожа, Сұлтан сияқты балалар бар деп ойлайсыңдар ма? 10 ұпай 8.Қожа болашақта жақсы азамат болады деп есептейсіңдер ме? 20 ұпай 2-тапсырма. Оқылым мәтінінен Қожаның бейнесін ашатын сөз тіркестерін табыңыз. Сергіту сәті «Кейіпкер портреті» Мұғалім кейіпкердің бейнесін сипаттап айтып отырады. Оқушылар сол бойынша кейіпкерді салады. Соңында ол кімнің портреті екенін айтады. “Мынау, міне, мұрным. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың”-дейді. Бағалау «Басбармақ». Барлығын Енді түсініп Түсінбедім түсіндім келемін | Флипчарт маркер | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия. Бес саусақ» А4 парағына «Бес саусақ» әдісі бойынша берілген сұрақтарға өз ойларын жазып шығады. Бас бармақ- басты мәселе, бүгін сабақта құнды қандай мәселе болды? Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге риза болдым? Кімге көмектестім? Ортан терек- ойлау. Мен бүгін қандай тәрбие мен білім алдым? Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек- көңіл-күй. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? Үй тапсырмасы: Бүгінгі оқылған мәтін бойынша Қожаға хат жазып келіңіз. Бағалау критерийі: -жазба жұмыс стилін ұстанады; -тақырыптан ауытқымайды. | А4 парағы | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: «Жигсо» әдісі бойынша оқылым мәтінін оқып талдау сәтті шықты. 2: Оқылымнан кейінгі сұрақ-жауап кезеңінде оқушылар өздерінің мәтінді жақсы түсінгенін білдіріп, сұраққа жақсы жауап берді. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Қожаның бейнесін ашатын тіркестерді Жантаспен салыстырып, «Венн» диаграммасына салдыртсам да болар еді. 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
ӘБ жетекшісі: күні:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?