Менің досымның бейнесі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, презентация.
Тақырыбы: Менің досымның бейнесі
Оқу мақсаты: 5.ТБ1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.
Бағалау критерийі:
Мәтіндегі сын есімдерді түсіне алады;
Сөйлеуде, жазуда сын есімдерді қолданады;
Сын есімді тұрақты тіркестерді қолдана алады.
Сабақтың мақсаты:
Оқушы өзінің және өзгенің түр-келбетін сипаттайтын сын есімдерді қолданады.
Сипаттаушы сөздерді қолданып әңгіме жазады.
Қызығушылықты ояту
Өзіңнің түр келбетіңді, мінезіңді сөзбен суретте. Сын есімдерді қолданып, қағазға жаз.
Менің бойым...
Шашым...
Көзім...
Мінезім...
1-тапсырма
Жұптық жұмыс
Баяндаушы, бейнелеуші болып жұптасыңыз. Баяндаушылар берілген мәтінді жұбына оқиды. Бейнелеуші суретін салады.
2-тапсырма
Ж. «Менің досым» тақырыбында шағын әңгіме жаз. Әңгімеңде досыңның түр-келбетін, болмысын, мінезін сипатта. Төмендегі сөздерді көбірек қолдануға тырыс:
Ұзын, қысқа, қара, қоңыр, көк, сары, ақылды, білімді, тәртіпті, тентек, ашық, тұйық;
Темірдей, жібектей, мақтадай, тікенектей, қылыштай, сырықтай, жолбарыстай;
Бота көзді, қой көзді, қолаң шашты, қиғаш қасты, аққу мойын,
сұңғақ бойлы, кең жауырынды, таудай талапты, бұқа білекті, ержүрек.
Рефлексия
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы
«Бүгін мен...................... білдім»
2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды.»
3.« ......................... екенін түсіндім»
4.«Мен..................................... білім алдым.»
5. «.................. мені таң қалдырды.»
Үйге тапсырма: Отбасы мүшелерінің түр-келбетін сипаттап жазып келіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?