Менің досымның бейнесі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: 10 | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Көпбосынов Б.К. | |||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны: 10 | Қатыспағандар: | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Менің досымның бейнесі | |||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.ТБ1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану. | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушы өзінің және өзгенің түр-келбетін сипаттайтын сын есімдерді қолданады. Сипаттаушы сөздерді қолданып әңгіме жазады. | |||||||||||||||
Дифференциация |
| |||||||||||||||
Бағалау критерийі | Мәтіндегі сын есімдерді түсіне алады; Сөйлеуде, жазуда сын есімдерді қолданады; Сын есімді тұрақты тіркестерді қолдана алады. | |||||||||||||||
Тілдік мақсат Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
| |||||||||||||||
Алдыңғы оқу | Оқушылар алдыңғы сабақта жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білген. | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут Сабақтың ортасы 13 минут 10 минут 5 минут | Сабақ алгоритмі:
Қызығушылықты ояту Өзіңнің түр келбетіңді, мінезіңді сөзбен суретте. Сын есімдерді қолданып, қағазға жаз. Менің бойым... Шашым... Көзім... Мінезім... Мұғалім қағаздарды сандықшаға салады. Біртіндеп алып оқиды. Оқушылар суреттеліп отырған сыныптасын табады. 1-тапсырма Жұптық жұмыс. Оқушылар: баяндаушы, бейнелеуші болып жұптасады. Баяндаушылар берілген мәтінді жұбына оқиды. Бейнелеуші суретін салады. Соңында барлық суреттер салыстырылып, үздік жұмыстар марапатталады. (Мұғалім алдын ала сөздікпен жұмыс жасатып, мағынасын түсінуге көмектесуге болады). ...Сөйтіп, мен сендерге өзімнің аты-жөнімді айттым. Ал көркем шығармада кейіпкердің кім екені аталып қана қоймай, сырт бейнесі қоса сыйпатталатын дәстүр бар ғой. Енді соған көшейін. Тоқтаңыз, бұл үшін әуелі өзімді өзім айнадан байыптап қарап алайын... Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде менің атымды атамай "тампыш неме" дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Шашымды Әубәкір шал кеше ғана ұстарамен сыпырып алып тастаған. Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны алуға жарайтын бір ғана ұстара бар - ол Әубәкірдікі. Оның өзі де алғаш салған бетте тұтқырланып, жүрмей қалады. Шашымды әр алған сайын Әубәкір мені бірінші рет кездестірген адамдай таң қалып бітеді. - Япыр-ай, мұндай да шаш біте береді екен-ау! Мынау шаш емес, тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақтығы осыдан-ақ көрініп тұр. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді. (150 сөз) https://www.goethe.de сайтынан алынған Бағалау критерийі: Сипаттаушы сын есімдерді түсінеді; суретте бейнелей алады. 2-тапсырма Ж. «Менің досым» тақырыбында шағын әңгіме жаз. Әңгімеңде досыңның түр-келбетін, болмысын, мінезін сипатта. Төмендегі сөздерді көбірек қолдануға тырыс.
сұңғақ бойлы, кең жауырынды, таудай талапты, бұқа білекті, ержүрек. Деңгейлік бағалау: 3-деңгей: бірінші бағандағы сөздерді қолдана алады. 2-деңгей: екінші бағандағы сөздерді орынды қолдана алады. 1-деңгей: үшінші бағандағы сөздердің мағынасын түсінеді, оны дұрыс қолдана алады. Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» | index.php/ catalog/ audiobook/ 2230 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы «Бүгін мен...................... білдім» 2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды.» 3.« ......................... екенін түсіндім» 4.«Мен..................................... білім алдым.» 5. «.................. мені таң қалдырды.» Үйге тапсырма: Отбасы мүшелерінің түр-келбетін сипаттап жазып келіңіз. | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?