Мектептер тарихынан. Әлемдегі ең үздік мектеп – Итон мектебі. Қазақ тіліндегі төл дыбыстар үндестігі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


1

Мақал-мәтелдердің екінші бөлігін табу .

  • Мектеп – кеме,

Білім – теңіз.

  • Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

  • Көп жасаған білмейді,

Көпті көрген біледі.

  • Оқусыз білі жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

  • Білімсіз адамның сөзі білектей,

Білімді адамның сөзі жібектей.

2

Үндестік заңына сүйеніп, төмендегі сөздерге жақшаның ішіндегі жалғаулардың керектісін қосып жазыңдар. Қандай өзгерістер болғанын түсіндіріңдер.

  • Қазақ + (-ым,- ім, -м)
  • Мектеп+ (-ым,- ім, -м)

3

Итон мектебі туралы мәтінді оқиды. Қазақстандағы мектептермен салыстырады.

Итон мектебі, Англия (Тәртібі ең қатал мектеп)

Аты аңызға айналған британдық Итон метебі – саясат пен мәдениет әлеміне аяқ басар рұқсат қағазы десе де болады. Білесіз бе, мектептің негізі 1440 жылы қаланған екен. Алғашқыда мұнда 70 қана шәкірт өз білімдерін жетілдіретін болған. Ол кездері мектеп өте суық және тар бөлмелерде сабақтар өтетін және темірдей қатал тәртіп пен таңертеңгі  алтыда басталатын сабақтар шәкірттер үшін өте ауыр еді. Араға 500 жыл салған мектептің бүгінгі жағдайы өте жақсы! Итонда қазіргі таңда мыңнан аса шәкірт өз білімдерін шыңдауда. Ал «тәртіпке бағынған – құл болмайды» деген ұстанымды берік ұстанатын мектеп ұжымы баяғы қатаң тәртіпті әлі жалғастыруда. Әлемге ең қатал мектеп деген атпен танымал. Сабақтар әрбір оқушыға жекеше өтіледі және таңнан кешке дейін жалғасады. Итон мектебінен небір танымал жазушылар мен өнер қайраткерлері және саясаттанушылар түлеп ұшқан. Спорт саласындағы жетістіктері де көңілден шығады. Мектептің ең негізгі ерекшелігі: мұнда тек ұлдар ғана білім алады. (144 сөз)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу