Мектептер тарихынан. Әлемдегі ең үздік мектеп – Итон мектебі. Қазақ тіліндегі төл дыбыстар үндестігі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, презентация.
«Мектеп өмірі.
Әдепті бала - арлы бала»Сабақтың тақырыбы:
Мектептер тарихынан.
Әлемдегі ең үздік мектеп – Итон мектебі. Қазақ тіліндегі төл дыбыстар үндестігі
Итон мектебі, Англия (Тәртібі ең қатал мектеп)
Ұйымдастыру.
Жұптарға бөлу.
Мақал-мәтелдердің екінші бөлігін табу арқылы
1.Мектеп – кеме,
Білім – теңіз.
2. Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
3. Көп жасаған білмейді,
Көпті көрген біледі.
4. Оқусыз білі жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
5. Білімсіз адамның сөзі білектей,
Білімді адамның сөзі жібектей.
Ой қозғау сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбын айқындау:
Мақал-мәтелдерден біз не түсіндік? Не туралы айтылады?
Білім беретін оқу мекемелері қалай аталады?
Мектептерде қандай сабақтар оқытылады?
Қазақ тілінің қандай өзгешеліктері? Қазақ тіліне тән қандай дыбыстарды білесіздер?
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау жетістіктері таныстырылады.
ЖЖ.
1-тапсырма.
Берілген сөздерді оқып, әр қатарға осындай дыбыстан басталатын сөздерді жазыңдар.
1.Ұжым ...
2.Қатаң ...
3.Өнер ...
Қазақ тіліндегі үндестік заңының жасалу жолдарын түсіндіру.
Үндестік заңына сүйеніп, төмендегі сөздерге жақшаның ішіндегі жалғаулардың керектісін қосып жазыңдар.
Қазақ + (-ым,- ім, -м)
Мектеп+ (-ым,- ім, -м)
Жеке жұмыс
2-тапсырма.
Оқушы өзі тұратын аймақтағы мектептің кереметтері мен ерекшеліктері туралы ауызша мәтін құрастырады.
Стиль жағынан еркіндік беріледі (жарнама , ертегі т.б.)
Кері байланыс.
Уфадағы «Ғалия» медресесі
Ерте кездегі мектептер
Ахмет Риза медресесі
Қазақстан аумағында, әсіресе отырықшы аудандарда 7-8 ғасырлардың өзінде-ақ мектептер мен медреселер, сонымен қатар діни білім беретін орта оқу орындары жұмыс істеген. Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан және басқа да қалаларда 84 медресе болған. Онда 5 мыңдай оқушы оқыған. Ауылдық мектептер әртүрлі елдімекендерде орналасқан, онда молдалар сабақ берген. Балалар тек қысқы және күзгі мезгілдерде ғана оқыған. Мектепке 7 жастан қабылдап, 4 жыл оқыған.
Бұл оқу орындарында діни пәндермен қатар құқық, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия және медицина пәндері оқытылған.
Ресей империясы құрамында болған кездегі мектептер
Омбы қаласында Азиат училищесі (1789) ашылып, оған қазақ балалары да қабылданды.
1879-89 жылдары Ы. Алтынсарин Торғай облысындағы халық ағарту училищесінің инспекторы бола тұра Іле, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін ашты, 1888 жылы Орск қаласында – мұғалімдер даярлайтын оқу орнын ашты. Қазақ тілімен қатар орыс тілінде оқуды қолдай отырып, Ы. Алтынсарин патшалық үкімет жүргізіп отырған казақтарды орыстандыру саясатына қарсы шықты.
Ы. Алтынсариннің жастарды кәсіптік оқыту туралы ой-пікірлері мен ұсыныстары кең қолдау тапты. 1886 жылы Торғайда – қолөнер, 1889 жылы Қостанайда - ауылшаруашылық училищелері ашылды. 1890 жылы Қарабұлақта, 1893 жылы Қостанайда, 1896 жылы Ақтөбеде кыздар училищесі ашылды. Бұл оқу орындарында қолөнер және ауылшаруашылық шеберханалар болды. 1883-1920 жылдары 300-ге жуық ұл мен қыз мұғалімдер семинариясын бітірі шықты.
КСРО құрамындағы кездегі мектептер
1922-23 жылдары ұлттық мектептерді кітаптармен, бағдарламалармен қамтамасыз ету шаралары бекітілді; қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды («Физика», «Грамматика», «Алгебра», «Школьная гигиена» и др.). 1920-30 жылдары республика мектептерінің материалдық базасын нығайту мақсатында мемлекет айтарлықтай көлемде қаражат бөлді. 367 мектеп салынды, 361-не күрделі жөндеу өткізілді. Бастауыш мектептер саны 333-тен (1926 ж.) 1864-ке (1930 ж.) дейін артса, оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға дейін (олардың ішінде - 124,9 мыңы қазақтар) өсті. Бастауыш мектепте қазақ-қыздары 11 % құрады.
Тәуелсіз Қазақстадағы мектептер
Мағынаны тану.
Кіріспе.
Оқылымалды тапсырма.
- Балалар білімді қайдан алады екен?
- Алғашқы қазақ мектептері жайлы не білдіңдер?
- Қазіргі заманғы мектептер жайлы не білесіңдер?
Әлемнің ең таңдаулы мектептері
Ле Рози мектебі, Швейцария (Әлемдегі ең қымбат мектеп)
Итон мектебі, Англия (Тәртібі ең қатал мектеп)
Бененден мектебі, Англия (Көшбасшы аруларды даярлайтын мектеп)
Аты аңызға айналған британдық Итон метебі – саясат пен мәдениет әлеміне аяқ басар рұқсат қағазы десе де болады. Білесіз бе, мектептің негізі 1440 жылы қаланған екен. Алғашқыда мұнда 70 қана шәкірт өз білімдерін жетілдіретін болған. Ол кездері мектеп өте суық және тар бөлмелерде сабақтар өтетін және темірдей қатал тәртіп пен таңертеңгі алтыда басталатын сабақтар шәкірттер үшін өте ауыр еді. Араға 500 жыл салған мектептің бүгінгі жағдайы өте жақсы! Итонда қазіргі таңда мыңнан аса шәкірт өз білімдерін шыңдауда. Ал «тәртіпке бағынған – құл болмайды» деген ұстанымды берік ұстанатын мектеп ұжымы баяғы қатаң тәртіпті әлі жалғастыруда. Әлемге ең қатал мектеп деген атпен танымал. Сабақтар әрбір оқушыға жекеше өтіледі және таңнан кешке дейін жалғасады. Итон мектебінен небір танымал жазушылар мен өнер қайраткерлері және саясаттанушылар түлеп ұшқан. Спорт саласындағы жетістіктері де көңілден шығады. Мектептің ең негізгі ерекшелігі: мұнда тек ұлдар ғана білім алады.
Итон мектебі, Англия (Тәртібі ең қатал мектеп)
3-тапсырма.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Итон мектебі туралы ғаламтордан ақпараттар табу.
Үндестік заңына сәйкес мына сөздерге қосымша жалғаңыздар: жетістік, ұл, тәртіп.
Рефлексия.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды