Мектептер тарихынан. Әлемдегі ең үздік мектеп – Итон мектебі. Қазақ тіліндегі төл дыбыстар үндестігі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: «Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала»

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Р.А.

Кәсіби даму мақсаты

Сөйлеу барысында қазақ тіліндегі төл дыбыстарды үндестік заңын ескеріп айтуға дағдыландыру

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны: 10

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мектептер тарихынан. Әлемдегі ең үздік мектеп – Итон мектебі. Қазақ тіліндегі төл дыбыстар үндестігі

Оқу бағдарламасына сілтеме

А3. Орфоэпиялық нормаларды сақтау

Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға әлемдегі танымал мектептер туралы ақпарат беру;

Оқушыларға қазақ тілінің үндестік заңын меңгерту.

Бағалау критерийлері

Сөйлеу барысында қазақ тіліндегі төл дыбыстарды үндестік заңын ескеріп айта алады.

Сөздерге қосымшаларды жалғауда үндестік заңын ескереді.

Мектептердің тарихымен танысады.

Мәтіндердің мазмұнын меңгереді.

Дифференциация

Барлық оқушылар орындай алады:

Ауызша мәтіндер құрайды. Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ауызша мәтіндер құрауда қазақтың төл дыбыстарын дұрыс айта алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Ауызша мәтін құрауда төл дыбыстар ы мен үндестік заңын ескереді.

Тілдік мақсаттар

Мына сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді және айтылым дағдысы барысында қолданады: саясат,мәдениет, берік,ұжым , қатаң , шәкірт,ұстаным,

танымал,қайраткерлер,саясаттанушылар.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу арқылы мектепке, ұстазға, сыныптастарға деген құрметті қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

География

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор, презентация

Осыған дейін меңгерілген білім

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» хикаяты, мектеп өмірі жайлы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

3 минут

5 минут

5 минут

5 минут

3 минут

7 минут

Ұйымдастыру.

Жұптарға бөлу.

Оқушылар мақал-мәтелдердің екінші бөлігін табу арқылы жұп болып отырады.

  • Мектеп – кеме,

Білім – теңіз.

  • Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

  • Көп жасаған білмейді,

Көпті көрген біледі.

  • Оқусыз білі жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

  • Білімсіз адамның сөзі білектей,

Білімді адамның сөзі жібектей. т.б.

Ой қозғау сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбын айқындау:

  • Мақал-мәтелдерден біз не түсіндік? Не туралы айтылады?
  • Білім беретін оқу мекемелері қалай аталады?
  • Мектептерде қандай сабақтар оқытылады?
  • Қазақ тілінің қандай өзгешеліктері? Қазақ тіліне тән қандай дыбыстарды білесіздер?

( Оқушылардың ойлау белсенділігі ескеріледі.)

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау жетістіктері таныстырылады.

ЖЖ.

1-тапсырма.

Берілген сөздерді оқып, әр қатарға осындай дыбыстан басталатын сөздерді жазыңдар.

1.Ұжым ...

2.Қатаң ...

3.Өнер ...

Қазақ тіліндегі үндестік заңының жасалу жолдарын түсіндіру.

Үндестік заңына сүйеніп, төмендегі сөздерге жақшаның ішіндегі жалғаулардың керектісін қосып жазыңдар. Қандай өзгерістер болғанын түсіндіріңдер.

  • Қазақ + (-ым,- ім, -м)
  • Мектеп+ (-ым,- ім, -м)

( Оқушылардың жазбаша және ауызша сауаттылығына мән беріледі.)

Ауызша жауабынан қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуы үндестік заңын ескеріп айтылуы бағаланады.

Жеке жұмыс

2-тапсырма.

Оқушы өзі тұратын аймақтағы мектептің кереметтері мен ерекшеліктері туралы ауызша мәтін құрастырады.

Стиль жағынан еркіндік беріледі (жарнама , ертегі т.б.)

Кері байланыс.

Мақал-мәтел жазылған кеспе қағаздар

Презентация

Ортасы

2 минут

5 минут

.

Қызығушылығын арттыру.

«Қазақстан мектептерінің тарихы» туралы слайдтармен таныстыру.

Мағынаны тану.

Кіріспе.

Оқылымалды тапсырма.

- Балалар білімді қайдан алады екен?

- Алғашқы қазақ мектептері жайлы не білдіңдер?

- Қазіргі заманғы мектептер жайлы не білесіңдер?

Әлемдегі ең керемет мектептер жайлы слайдтармен танысады, пікір алмасады.

Ле Рози мектебі, Швейцария (Әлемдегі ең қымбат мектеп)

Бененден мектебі, Англия (Көшбасшы аруларды даярлайтын мектеп)

Итон мектебі, Англия (Тәртібі ең қатал мектеп)

Оқылым.

Мәтінмен жұмыс.

3-тапсырма.

Итон мектебі туралы мәтінді оқиды. Қазақстандағы мектептермен салыстырады.

Итон мектебі, Англия (Тәртібі ең қатал мектеп)

Аты аңызға айналған британдық Итон метебі – саясат пен мәдениет әлеміне аяқ басар рұқсат қағазы десе де болады. Білесіз бе, мектептің негізі 1440 жылы қаланған екен. Алғашқыда мұнда 70 қана шәкірт өз білімдерін жетілдіретін болған. Ол кездері мектеп өте суық және тар бөлмелерде сабақтар өтетін және темірдей қатал тәртіп пен таңертеңгі  алтыда басталатын сабақтар шәкірттер үшін өте ауыр еді. Араға 500 жыл салған мектептің бүгінгі жағдайы өте жақсы! Итонда қазіргі таңда мыңнан аса шәкірт өз білімдерін шыңдауда. Ал «тәртіпке бағынған – құл болмайды» деген ұстанымды берік ұстанатын мектеп ұжымы баяғы қатаң тәртіпті әлі жалғастыруда. Әлемге ең қатал мектеп деген атпен танымал. Сабақтар әрбір оқушыға жекеше өтіледі және таңнан кешке дейін жалғасады. Итон мектебінен небір танымал жазушылар мен өнер қайраткерлері және саясаттанушылар түлеп ұшқан. Спорт саласындағы жетістіктері де көңілден шығады. Мектептің ең негізгі ерекшелігі: мұнда тек ұлдар ғана білім алады. (144 сөз)

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

4-тапсырма.

Жұптық жұмыс

Мәтіндегі негізгі ойларды тауып айтады.

Кері байланыс.

Презентация

http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/3881/

Итон мектебі, Англия

(Тәртібі ең қатал мектеп)

Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау.

Үйге тапсырма:

Итон мектебі туралы ғаламтордан ақпараттар табу.

Үндестік заңына сәйкес қосымша жалғаңыздар: жетістік, ұл, тәртіп.

Рефлексия.

Смайликтер арқылы көрсетіледі.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі сұрақтар қоямын. Сыныптағы барлық оқушылардың өз орындай алу мүмкіндігін ескеріп отырамын.

Бағалауда критерийлерді басшылыққа аламын. Оқушылардың өздеріне бағалатамын және өзім де бірге бағалаймын.

Мектептердің қай жерлерде орналасуына байланысты география пәнімен байланыс болады. АКТ-ны презентацияны көрсету барысында қолданамын. Сабақ барысында мектептің құндылығы мен ұлттық құндылықтарды бірге қамтып отырамын.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу