Болашаққа саяхат. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Болашаққа саяхат Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Болашаққа саяхат (2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.5.1.3 өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/ жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіннен етістіктің рай формаларын ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Көптеген оқушылар: өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің рай формаларын ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Кейбір оқушылар өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің рай формаларын ауызша, жазбаша тілде еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Сөйлеу және жазу барысында рай формаларын қолданады.

Тілдік мақсаттар

Болашақ, болашақта, елестету, құрылғы, уақыт машинасы, басқа уақыт, уақыт кеңістігіне саяхат, басқару тетігі, үлкен сағат

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Ғарыш тақырыбында әңгімелей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Шаттық шеңбері». Оқушылар сабақтың басында бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

10 мин

12 мин

3 мин

7 мин

(МК) Грамматикалық қоржын. Оқушылар берілген сызбаға қарап, грамматикалық құрылымның мағынасын ашады. Өздігінен мысалдар келтіріп жазады.

) «Бекеттер». Оқушылар бекеттермен жүріп отырып, тапсырмаларды орындайды. Бір бекеттің тапсырмасын орындамай, келесі бекетке көшуге болмайды.

1-бекет.

Жағдай.

Қазір 2500 жыл. Саған мектепте уақыт машинасын құрастыруға тапсырма берді. Сен уақыт машинасын құрастыру үшін қандай заттарды пайдаланар едің?

Жауаптарыңды «Егер мен уақыт машинасын құрастырсам, ....» сөйлемінен бастап жаз.

2-бекет.

Жағдай.

Сенде уақыт машинасы бар. Ол машина сені тек болашаққа апара алады. Сен қай уақытқа саяхат жасар едің және онда нені көрер едің?

Жауабыңды «Егер менде уақыт машинасы болса, ............» сөйлемінен баста.

3-бекет.

Жағдай. Сенде уақыт машинасы бар. Ол машина сені тек өткенге апара алады. Сен қай кезге саяхат жасар едің және нені көрер едің?

Жауабыңды «егер...... -са/-се», «ар/-ер/-р едім» құрылымдарын пайдаланып жаз.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы жасаған жұмысына кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – аздап қиын болды

Қызыл түс – қиын болды

(Ұ) «Шеңбердегі әңгіме» Оқушылар тақырып бойынша 1 сөйлемнен айтады. Сөйлемдерін «егер ...........са/се» формасынан бастап, «ар/ер/р» формасымен аяқтайды. Бірақ сөйлемдер қайталанбауы тиіс.

Сабақтың соңы

5 мин

«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Менің бүгін ............... қолымнан келді.

Мен өзіме ................ деп ескерту айтамын.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу