Ақылы роботтар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, презентация.


8-бөлім. Болашаққа саяхат

Сабақтың тақырыбы:

«Ақылды роботтар»

Сабақтың оқу мақсаты:

4.​4.​1.​1* шағын сюжетті комикс/буклет/ коллаж/жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтыру

4.​5.​1.​2* көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың басым бөлігі: Грамматикалық формаларды қолданып, суретке қарап мәтін құрастырып жазады.

Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты грамматикалық формаларды теріп айтады.

Шаршау, ақырын, әсіресе,

ақпарат, даму, заман

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

Мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді.

Грамматикалық формаларды қолданып, суретке қарап мәтін құрастырып жазады.

Тақырыпқа қатысты грамматикалық формаларды теріп айтады.

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді дұрыс қоя алады.

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Шаршау, ақырын, әсіресе,

ақпарат, даму, заман, т.б

Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын...

Робот – тірі организм сияқты құрастырылған автоматты құрылғы

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Томпақтың сұрақтарына жауап беріңдер.

Роботтың аты кім?

Роботтарды кімдер жасайды?

Томпақ қандай әрекеттер жасай алады?

«Томпақ» телехикаясында кімнің ролін сомдайды?

Мен сөйле+й ал+а-мын

Сен жаз+а ал+а-сың

Сіз орында+й ал+а-сыз

Ол көмектес+е ал+а-ды

 

Есте сақтайық!

2-тапсырма: Болашақ роботтар туралы кімнің сөзінде бар? Оның айтқанымен келісесіңдер ме?

Әлихан: Қазіргі уақыттағы роботтар белсенді. Олар адамдар сияқты әртүрлі жұмыстарды орындайды. Роботтар шаршамайды.

Асхат: Роботтарды адам жұмысын жеңілдету үшін құрастырады. Болашақта роботтар адамдардың тапсырмасын орындайды.

Арман: Роботтар болашақта адамдардың ойын болжай алады. Әсіресе көптеген жұмыстарды орындайды. Күзетші-робот, кітапханашы-робот, мұғалім-роботтар болады.

Роман: Роботтарда сезім болады. Адамдарды жақсы көреді. Сондықтан олар адамдарға көмектеседі.

Жұптық жұмыс

3-тапсырма. Суретке қарап, роботтар қандай қызмет атқаратынын жазыңдар. Роботтар тағы не істей алады?

Үлгі: Роботтар адамдарға көмектесе алады.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз.

Ғалымдар роботтарды адам жұмысын жеңілдету үшін құраст...рады. Роботтар адамдар сияқты әрт...рлі жұмыстарды орындайды. Роботтар болашақта адамдардың ойын болжай ала...ы. Олар шаршама...ды.

Шығу парағы

Тақырыпқа қатысты грамматикалық формаларды теріп айтыңдар.

Рефлексия

Сабақта қай тапсырмалар күрделі болды?

Саған кім көмектесті?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу