Уақыт көлігі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 7

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4 Т2

Қатысқан оқушылар саны: 12 Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім атауы

8-бөлім. Болашаққа саяхат

Сабақтың тақырыбы

Уақыт көлігі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

4.​4.​2.​1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

4.​4.​3.​1* сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)/қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану

Сабақтың мақсаты

  • Барлық оқушылар: Мәтінді оқып, тірек сөздерді табады, сұрақтарға жауап береді.
  • Оқушылардың басым бөлігі: Өлеңді тыңдап, болашақ қала туралы өз ойын айтады.
  • Кейбір оқушылар: Берілген сөздер бойынша лепті сөйлемдер құрастырады.

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді, тақырыпты болжайды.
  • Мәтінді оқып, тірек сөздерді табады, сұрақтарға жауап береді.
  • Өлеңді тыңдап, болашақ қала туралы өз ойын айтады.
  • Берілген сөздер бойынша лепті сөйлемдер құрастырады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Өзгеру-меняться, келесі-следующий, т.б

Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын...

Құндылыққа бағытталған мақсаттар

Әлеуметтік-эмоционалдық: өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді; жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық: сынып ережесіне бағынады; өз іс-әрекетіне жауап бере алады

Пәнаралық байланыс

әдебиет

АКТ қолдану

әдістемелік құрал, ақпаратты мәтіндер.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

6 минут

І. Тыңдалымалды тапсырма:

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Уақыт көлігін қалай елестетесің?
  • Біздің өмірімізде машиналар қандай роль атқарады?
  • Егер сендерде ұшатын машина болса не істер едіңдер?

Лексика-грамматикалық минимум: Төмендегі сөздердің мағыналары мен аудармасын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

Көпір - мост, Даму - развитие, өзгеру - меняться, келесі следующий, т.б

Суреттер, сөздіктер

Сабақтың ортасы

7 минут

8 минут

5 минут

8 минут

ІІ. Оқылым тапсырмасы. Топтық жұмыс. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер. Тірек сөздерді табыңыздар.

Оқылым мәтіні

 Әлихан досы Томпақпен уақыт көлігімен көп жерлерге саяхаттады. Бұл көлік оларды ғажап әлемге алып келді. Олар өткен әлемге саяхат жасады.

 Әлихан: Бұл қандай жер? Мен бұл жерді бірінші рет көріп тұрмын!

 Томпақ: Әлихан, бұл – Қазақстанның көне қалалары.

 Әлихан: Қабырғалары биік екен.

Уақыт көлігі Әлиханды қазіргі уақытқа алып келді.

 Әлихан: Қазіргі қалалар қандай әдемі! Әсіресе шыныдан салынған үйлер қандай әдемі! Маған Астана қаласы қатты ұнайды.

 Томпақ: Шынында да, қалалар қатты өзгерді.

 Әлихан: Қарашы, Томпақ! Мына қала ертегідей екен! Үйлердің пішіні үшбұрыш, дөңгелек болады екен. Аспалы көпірлері бар.

 Томпақ: Қазір бұл қалалар дамып жатыр. Бұл – болашақ қалалар. Олардың жобасы ерекше болады.

 Әлихан: Онда болашақта қалалар көп өзгереді екен ғой.

Оқылым мәтіні

суреттер

Сабақтың соңы

3 минут

3 минут

Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді, тақырыпты болжайды.
  • Мәтінді оқып, тірек сөздерді табады, сұрақтарға жауап береді.
  • Өлеңді тыңдап, болашақ қала туралы өз ойын айтады.
  • Берілген сөздер бойынша лепті сөйлемдер құрастырады.

ІІІ. Ой-толғаныс.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Оқушыларға қолдау көрсетуді әрбір тапсырма құрастыру барысында ескеріп отырамын. М: тыңдалымалды тапсырма, тыңдалымнан кейінгі тапсырма жасауда.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Кері байланыс арқылы және бағалау критерийлері арқылы.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бұлардың барлығы әр сабақ барысында ескеріліп отырады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу