Болашақтағы ғажайып жаңалықтар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

  • Пән: Қазақ тілі
  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Болашаққа саяхат
  • Күні:
  • Сынып: 4
  • Мектеп:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Болашақтағы ғажайып жаңалықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.1.1 мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып / шолып / белгі қойып оқу

4.4.2.1 оқыған / аудио / бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып оқиды, оқыған материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазады.

Көптеген оқушылар мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып оқиды, оқыған материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазады.

Кейбір оқушылар мәтінді іштей, түсініп және барлық қажетті ақпаратты тауып оқиды, оқыған материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жүйелі жазады.

Бағалау критерийлері

Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды.

Жоспарға сүйеніп мәтін мазмұнын жазады.

Тілдік мақсаттар

келешек, аспалы, көпір, пішін, дауыспен басқару

Құндылықтардыдарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Болашақтағы өзгерістер туралы әңгімелей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

«Шаттық шеңбер» Оқушылар сабақтың басында бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

3 мин

10 мин

(Ұ) «Миға шабуыл» Оқушылар берілген сөзге қатысты білетін ақпараттарымен бөліседі. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысады.

(Ө,Ж) «Оқы, біл». Оқушылар мәтінді оқып, тапсырмалар орындайды. Жұпта жасаған жұмыстарымен бөліседі, тексереді.

Айзере: Әлихан, болашақ көліктер қандай болады екен?

Әлихан: Болашақ көліктер ақылды болады.

Айзере: Қандай ғажап!

Әлихан: Иә, ақылды көліктер туралы қызықты деректерді оқиық!

1-дерек

2-дерек

3-дерек

Болашақ көліктер ауаны ластамайды, тез жүреді, қауіпсіз болады.

Болашақ көліктер жермен де, аспалы көпірлермен де жүреді. Кейбір көліктер суда да жүзеді, ауада да ұшады.

Болашақ көліктердің жүргізушісі болмайды. Көліктер дауыспен басқарылады.

  • Мәтін не туралы?
  • Мәтінге сәйкес келетін ақпараттарды белгіле.

Сөйлемдер

Дұрыс

Болашақ көліктер ауаға зиян келтірмейді.

Болашақ көліктер тек аспалы көпірлермен жүреді.

Болашақ көліктер өзі жүре алады.

Болашақ көліктерді дауыспен басқара алмайсың.

Дескриптор:

  • мәтін тақырыбын ажыратады;
  • мәтінге сәйкес келетін ақпараттарды анықтайды.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – аздап қиын болды

Қызыл түс – қиын болды

(Ө) «Ойлан, жаз» Оқушылар берілген тірек сөздерге сүйеніп, болашақ көліктер туралы мәтін жазады.

Тірек сөздер:

  • ластамау
  • тез жүру
  • қауіпсіз
  • жер, су, ауа, аспалы көпір
  • жүргізуші
  • дауыспен басқарылу

Дескриптор:

  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • тірек сөздерді орынды қолданады;
  • бас әріп пен тыныс белгілерін қолданады;
  • сауатты жазады.

Сабақтың соңы

5 мин

«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

  • Мен бүгін .................. туралы білдім.
  • Маған бүгін .................

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақбойынша рефлексия

Жалпыбаға

Сабақтың жақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу