Мен ғарышкер боламын. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Ғарышқа саяхат» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Мен ғарышкер боламын | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен түсінеді. Көптеген оқушылар: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді. Кейбір оқушылар: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды толық түсінеді. | ||
Бағалау критерийлері | Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді. | ||
Тілдік мақсаттар | Ғарыш, ғарышкер, ғаламшар | ||
Құндылықтарды дарыту | Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке үйрету. | ||
Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру | Ғылымға деген қызығушылық таныту. Жұпта жұмыс істеу барысында кішіпейілдік,төзімділік таныта білу. | ||
Пәнаралық байланыс | дүниетану сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | ||
Бастапқы білім | Жұлдыздар туралы аңыздар. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 минут | Үй тапсырмасын тексеру: «Бөгде ғаламшарлықтар бар ма?» мазмұндау Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу: Самұрық құс самғады,Көктен өтіп.Айға жетіп,Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі)
Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. | ||
7 минут 10 минут 10 минут 5 минут | ЖЖ. Оқушылар жұпқа түрлі түсті таяқшалар арқылы бөлініп отырады. Оқылым алдындағы тапсырма: ЖЖ. Әр жұп өздерінің мәтінінде анықтаған таныс емес сөздерімен жұмыс жүргізеді. Кейбір сөздердің мағынасын өздері жұпта анықтай алмаса көрші (мәтіндері ұқсас) жұптан сұрайды. Оқылым тапсырмасы: Әр жұпқа ғарышкерлер туралы мәтін беріледі. Екі жұптың мәтіндері бірдей болады. Оқылымнан кейінгі тапсырма: (Дифференцация) 1- жұп. Тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендері бойынша постер жасайды. Тоқтар Әубәкіров - қазақтың тұңғыш ғарышкері. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Әлемде бірінші рет, катапульттің көмегінсіз трамплиннен жай ұшақпен ұшқан ұшқыш. Гиннес рекордтар кітабына ерлігі енген. Тоқтар реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.Ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағы берілген. Сонымен қатар, 1988 жылы 31 қазанда авиация саласындағы ерен еңбегі үшін Тоқтар Әубәкіровке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілген. 2- жұп. Тапсырма. Мәтінді оқиды. Жеке парақшаларға 3 сұрақты құрастырып, қорапқа салады. Тоқтар Әубәкіров - қазақтың тұңғыш ғарышкері. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Әлемде бірінші рет, катапульттің көмегінсіз трамплиннен жай ұшақпен ұшқан ұшқыш. Гиннес рекордтар кітабына ерлігі енген. Тоқтар реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.Ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағы берілген. Сонымен қатар, 1988 жылы 31 қазанда авиация саласындағы ерен еңбегі үшін Тоқтар Әубәкіровке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілген. 3-жұп. Тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендері бойынша постер жасайды. Талғат Мұсабаев – Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер. Талғат Мұсабаев 341 күн 9 сағат 48 минут болды. Талғат Мұсабаев «Союз-ТМ» ғарыш кемесімен қатарынан үш рет ғарыш әлемін бағындырды. Ол ғарышта ең алғаш рет 1994 ж. 126 тәулік, 1998 ж. Екінші сапарында 208 тәулік және 2001 ж. жасаған соңғы сапарында 8 тәулік болған. Бұл – ғарышта болу ұзақтығы бойынша қазақ ғарышкерлері арасындағы бірінші рекордтық көрсеткіш. Ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағы берілген.
4-жұп. Тапсырма. Мәтінді оқиды. Жеке парақшаларға 3 сұрақты құрастырып, қорапқа салады. Талғат Мұсабаев – Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер. Талғат Мұсабаев 341 күн 9 сағат 48 минут болды. Талғат Мұсабаев «Союз-ТМ» ғарыш кемесімен қатарынан үш рет ғарыш әлемін бағындырды. Ол ғарышта ең алғаш рет 1994 ж. 126 тәулік, 1998 ж. Екінші сапарында 208 тәулік және 2001 ж. жасаған соңғы сапарында 8 тәулік болған. Бұл – ғарышта болу ұзақтығы бойынша қазақ ғарышкерлері арасындағы бірінші рекордтық көрсеткіш. Ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағы берілген. 5-жұп. Тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендері бойынша постер жасайды. Айдын Айымбетов – ғарышты бағындырған Қазақстанның тұңғыш азаматы. Айдын Айымбетов 9 күн 20 сағат 13 минут 51 секунд болған. Айдын Айымбетов - ғарышқа ұшқан тұңғыш Қазақстан азаматы. Ол ғарышта жалпы есебі 10 тәулікке жуық уақыт болып, қазақстандық ғылым үшін бірқатар сынақ жүргізіп, соның ішінде радиацияның миға әсерін зерттеген. Сонымен қатар, ғарыш кемесі Жерді қалай тез айналып ұшып бара жатқанын да таспаға түсіріп үлгеріпті. Ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағы берілген. 6-жұп. Тапсырма. Мәтінді оқиды. Жеке парақшаларға 3 сұрақты құрастырып, қорапқа салады. Айдын Айымбетов – ғарышты бағындырған Қазақстанның тұңғыш азаматы. Айдын Айымбетов 9 күн 20 сағат 13 минут 51 секунд болған. Айдын Айымбетов - ғарышқа ұшқан тұңғыш Қазақстан азаматы. Ол ғарышта жалпы есебі 10 тәулікке жуық уақыт болып, қазақстандық ғылым үшін бірқатар сынақ жүргізіп, соның ішінде радиацияның миға әсерін зерттеген. Сонымен қатар, ғарыш кемесі Жерді қалай тез айналып ұшып бара жатқанын да таспаға түсіріп үлгеріпті. Ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағы берілген. Дескриптор:
ЖЖ.Постер жасаған үш жұп қорғайды. Қалған үш жұп бағалайды. Сұрақтар құрастырған жұптардың сұрақтарымен «Музыкалық сандықша» ойынын жүргізу. Мұғалім оқушыларды шеңберге тұрғызады. Қолдарына сұрақтар салынған қорапты береді. Музыка тоқтаған кезде, қай оқушының қолында қорап қалды сол оқушы сұраққа жауап береді. Алдыңғы постер жасаған жұптар құрастырылған сұрақты бағалайды. Кері байланыс беру. Тапсыманы орындау қиын болды ма? Сабақты қорыту. Үй тапсырмасы: Мәтінді мазмұндау. | ||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия | ||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Деңгейі жоғары оқушылар сөздік жұмысын орындауға көмек бере алады. | Жұптық бағалау. | Ұжымдық, жұптық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?