Ғарышкер болғым келеді. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
«Келісілді»
ӘБ жетекшісі Баримбекова А.Н.
Қысқа мерзім жоспары
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Ғарышқа саяхат» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. | |||||||||||||||||||||||
Күні: Сынып: 4 | Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны:0 | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ғарышкер болғым келеді. | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну 4.1.2.1 жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын мәтіннің мазмұнына қатысты түсіну 5.1 Тілдік грамматикалық дағдылар (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 4.5.1.3 шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы қалау рай формасын қолданады. Көптеген оқушылар: тыңдаған мәтіндегі сөздердің мағынасын түсінеді, қалау рай формасын орынды қолданады. Кейбір оқушылар: тақырыпқа қатысты өосымша ақпарат айтады, қалау рай формасын еркін қолданады. | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған мәтіндегі сөздердің мағынасын түсінеді. Сөйлеуде, жазуда қалау рай формасын орынды қолданады. | |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | ғарыш, ғарышкер, айлақ | |||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбекқорлыққа, төзімділікке үйрету. | |||||||||||||||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру | Ғылымға деген қызығушылықтарын ояту, ғарыш әлемінде болып жатқан өзгерістерден хабардар болу. Болашақта әлем азаматы ретінде өзінің үлесін қоса алатынын түсінеді. | |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | дүниетану сабағы | |||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылығын ояту Мен ғарышкер боламын! «Әли мен Айя» мультхикаясынан бір минуттық үзінді көру арқылы, жаңа бөлімнің не туралы екенін болжайды. Жұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Жұмбақ Күміс қанат сұңқары, Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді? (ғарышкер) Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. | |||||||||||||||||||||||
| Лексикалық минимум: Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту
ғарыш айлақ ғарышкер
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау: ғарышқа ұшу, ғарыш айлағы, ғарышкермен кездесу (Ө) Сөйлемді толықтырып жазады. Қажетті сөздер: ғарыш, ғарышкер, ғарыш айлағы, ғарыш кемесі ... ғарыш кемесіне отырды. ... айлақтан ұшты. ... сондай ғажап! Жүр, Байқоңырға барайық, онда әлемге танымал ... бар. Дұрыс жауаппен тексеру арқылы өзін өзі бағалайды. (Ұ) Тыңдалым Мәтінді тыңдап, кестеге белгі қояды. Тыңдалым мәтіні. Бақыт: Қуаныш, Айсана, сендер өскенде кім болғыларың келеді? Айсана: Мен өскенде ғарышкер болғым келеді. Алыс-жақын елдерді өзімнің ұшағыммен аралағым келеді. Қуаныш: Ал мен астраном болғым келеді. Ғарыш әлемін терең білгім келеді. Бақыт: Иә, армандарың орындалсын. Мен де өскенде ғарышкер болғым келеді. Үнемі түсімде ғарыш кемесімен ұшып жүремін.
(Т) Айтылым Тыңдалым мәтіні бойынша рөлдік ойын ойнайды. Қолдауды қажет ететін оқушылар дайын сөйлесім үлгілерін қолданады.
Оқушылар бір бірін комментарий айту арқылы бағалайды. (Ө) Жазылым. Балалардың армандары туралы жазады. Үлгі: Мен ғарыш айлағын (көру). Мен ғарыш айлағын көргім келеді.
Бақыт
Қуаныш
Айсана Дескриптор:
| |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия
| |||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||
Жұптық бағалау. | Ұжымдық, жұптық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету. |
Сабақ бойынша рефлексия
| ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды