Ғарыштағы ас мәзірі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

ӘБ жетекшісі Баримбекова А.Н.

Қысқа мерзім жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Ғарышқа саяхат»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Ғарыштағы ас мәзірі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады

Көптеген оқушылар: мұғалімнің қолдауымен кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар құрастырады

Кейбір оқушылар: тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат айтады, сыни сұрақтар құрастырады

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұны және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Тілдік мақсаттар

ас мәзірі

сықпа

арнайы

салмақ

Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлыққа, төзімділікке үйрету.

Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру

Ғылымға деген қызығушылық таныту.

Пәнаралық байланыс

дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Ғарыш кемесі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Үй жұмысын тексеру

«Балмұздақ таяқшалары»

Қызығушылығын ояту

Сурет арқылы сабақты болжату

Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Лексикалық минимум:

Сурет арқылы сөздерді меңгерту

ас мәзірі

арнайы

салмақ

сықпа

(Ұ) Диалогті тыңда.

– Ғаламтордан не іздеп отырсың, Бақыт?

– Мен ғарыш туралы көп нәрсе білгім келеді.

– Сонда не туралы мәлімет іздеп отырсың?

– Ғарышкерлердің ас мәзірі туралы білгім келді.

– Мәлімет таптың ба?

– Иә, болашақ ғарышкер бәрін табады.

-Ғарышта тамақтарды қайда сақтайды?

-Ғарышта тамақтарды арнайы сықпаларда сақтайды.

  • Неліктен тыңдаған мәтінді диалог дейміз?
  • Оның диалог екенін қалай ажыратуға болады?

(Ө) ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларын қойып жаз.

Сен ғарышқа ұшасың .... ?

Ғарышта тамақты арнайы ыдысқа сала ...?

Сен ғарыш туралы көп білесің .... ?

Ғарышта заттардың салмағы бола ... ?

Ғарышта ауа бар ... ?

Скафандр жеңіл ...?

Бұл сықпадағы тосап ...?

Ғарышкерлерге арнайы ас мәзірі бола ...?

(Т) Ұсынылған сұрау есімдіктерімен сұрақтар құрастыру.

Қайда? Қандай? Қашан? Неге? Неліктен? Не үшін? Не себепті? Кіммен? Қанша? Не істейді?

Ықтимал жауап:

Қайда? Байқоңыр қайда орналасқан?

Қандай? Ғарышта қандай тамақтар жейді?

Қашан? Сен қашан Байқоңырға барасың?

Неге? Неге ғарыш туралы оқымайсың?

Неліктен? Неліктен ғарыш кемесі туралы сұрадың?

Не үшін? Зымыранды не үшін ұшырамыз?

Не себепті? Жер серігін не себепті жасайды?

Кіммен? Байқоңырға кіммен барасың?

Қанша? Айға дейін қанша шақырым ұшу керек?

Не істейді? Ғарышта ғарышкерлер не істейді?

«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды, себебін түсіндіреді.

(Ө) Оқиық.

Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге сұрақтар қой.

Үлгі: Ғарышқа қандай тағамдар алуға болады?

Ғарышта ғарышкерлер түрлі ас мәзірін пайдалана

алады. Олардың тағамдары арнайы сықпада болады. Бұл сықпалардың ішінде жеміс кисельдері, сүтті кофе, борщ, саңырауқұлақ сорпасы, түрлі ботқалар, тауық еті болады. Ғарышкерлерге сықпадағы тағамдарды алып жүру, қолдану өте ыңғайлы. Сықпадағы тағамның дәмі өзгермейді. Оның тек салмағы азаяды. Алғашында ғарышкерлер үшін кептірілген тағамдар дайындалған. Алайда олар үнемі үгітіліп кететін. Сондықтан адамдар арнайы сықпаларды ойлап тапқан.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.
  • Сөздерді дұрыс байланыстырады.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

  • Бүгін сабақта не үйрендің?
  • Не қиын болды?
  • Тағы не білгің келеді?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық бағалау.

Ұжымдық, жұптық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу