Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.
1. Дайын тілдік құрылымдармен таныс. Өз мысалыңды ойлап айт.
... болуды | Әнші болуды армандадым. Биші болуды армандадым. Дәрігер болуды армандадым. |
... жауап беретін едім. | Кеңес беретін едім, сыйлық беретін едім, әкеліп беретін едім, оқып беретін едім, айтып беретін едім. |
... құстай сезіндім. | Өзімді жас баладай сезіндім. Өзімді нағыз батырдай сезіндім. Өзімді үлкен кісідей сезіндім. |
... жақындай бастадым. | ... сұрай бастадым, ... оқи бастадым, ... жаза бастадым. |
2. Мәтінді түсініп оқы.
2. Мәтінді түсініп оқы.
Мен аспаннан ең алғаш ұшақты көрген күннен бастап ұшқыш болуды армандадым. Менен сол кезде «Нені жақсы көресің?» – деп біреу сұраса, «Ұшақты жақсы көремін», – деп жауап беретін едім. Аспан әлеміне қызықтым. Менің ең бақытты кезім – аспанға алғаш рет ұшақпен көтерілуім болды. Ешкімнің көмегінсіз ұшақты өзім басқардым. Өзімді қанаты бар құстай сезіндім. Мен ресей еліндегі Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969) бітірген соң арманыма жақындай бастадым. Алдымен ұшқыш, одан кейін звено командирі болып қызмет атқардым. 1975–1976 жылдары Мәскеудегі авиация институтында оқыдым.1990 жылы мен ғарышқа ұшу туралы ұсыныс алдым. Сөйтіп 1991 жылы Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дайындайтын орталықта жаттығуды бастадым. Осы жылы 2-қазанда мен ғарышқа Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ұштым. Мен осылай ғарышкер атандым. Ғарыш кемесімен жер шарын айналып шығу – ғылым үшін өте маңызды. Жас ұландарды ғарышкер болуға шақырамын.
3. Сұрақтарға мәтіннен жауап тауып айт.
Тоқтар ағаның ұшқыш болу арманы неден басталды?
Ғарышкердің есінде қалған ең тамаша сәті қай кез еді?
Тоқтар Әубәкіровтің арманы қашан орындала бастады?
Ғарышкер ғарышқа қашан және қай жерден ұшты?
4. Көп нүктенің орнына қажетті сөздердің бірін қойып оқы.
Қажетті сөздер: батыл, марапаттау, марапат, айналу.
1. Тоқтар Әубәкіровке Елбасы өз қолынан ................................ сыйлықтарын ұсынды. Оған «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағын берді.
2. Жаттығу кезінде ғарышкерге көп ..................................... керек. Бұл оны ғарыштағы салмақсыздыққа дайындайды.
3. Жүргізуші ғарышкерлерді ................................... үшін сахнаға шақырды.
4. «Өз арманыңа жеткің келсе, ...................................... бол», – дейді Тоқтар аға.
5. Сұрақтарға жауап бер.
«Батыл әрекет» дегенді қалай түсінесің?
Батыл адам деп кімді айтамыз?
Батыл әрекет жасаған кезің болды ма?
Ғарышкерлер жаттығу кезінде неліктен айналады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?