Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

ӘБ жетекшісі Баримбекова А.Н.

Қысқа мерзім жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Ғарышқа саяхат»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1 Оқу түрлерін қолдану

4.3.1.1 мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу

4.2.2.1 берілген жоспардың негізінде жаңа сөздер мен фразаларды қолданып, үлгі бойынша шағын монолог құру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады

Көптеген оқушылар: мұғалімнің қолдауымен кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар құрастырады

Кейбір оқушылар: тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат айтады, сыни сұрақтар құрастырады

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұны және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Тілдік мақсаттар

айналу

батыл

марапат

марапаттау

Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлыққа, төзімділікке үйрету.

Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру

Ғылымға деген қызығушылық таныту. ЖаҺан азаматының ерлік істерінен үлгі алу

Пәнаралық байланыс

дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Ғарыш кемесі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Үй жұмысын тексеру

«Балмұздақ таяқшалары»

Қызығушылығын ояту

Сурет арқылы сабақты болжату

Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Лексикалық минимум:

Сурет арқылы сөздерді меңгерту

айналу

батыл

марапат

марапаттау

(Ж) Жаттығайық!

Дайын тілдік құрылымдармен таныс. Өз мысалыңды ойлап айт(1-қосымша).

Бірнеше оқушының жауаптары тыңдалып, «Бас бармақ» әдісі бойынша бағаланады.

(Ұ) Бірлесіп оқу

Мәтінді түсініп оқы.

Мен аспаннан ең алғаш ұшақты көрген күннен бастап ұшқыш болуды армандадым. Менен сол кезде «Нені жақсы көресің?» – деп біреу сұраса, «Ұшақты жақсы көремін», – деп жауап беретін едім. Аспан әлеміне қызықтым. Менің ең бақытты кезім – аспанға алғаш рет ұшақпен көтерілуім болды. Ешкімнің көмегінсіз ұшақты өзім басқардым. Өзімді қанаты бар құстай сезіндім. Мен ресей еліндегі Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969) бітірген соң арманыма жақындай бастадым. Алдымен ұшқыш, одан кейін звено командирі болып қызмет атқардым. 1975–1976 жылдары Мәскеудегі авиация институтында оқыдым.1990 жылы мен ғарышқа ұшу туралы ұсыныс алдым. Сөйтіп 1991 жылы Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дайындайтын орталықта жаттығуды бастадым. Осы жылы 2-қазанда мен ғарышқа Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ұштым. Мен осылай ғарышкер атандым. Ғарыш кемесімен жер шарын айналып шығу – ғылым үшін өте маңызды. Жас ұландарды ғарышкер болуға шақырамын.

Сұрақтарға мәтіннен жауап тауып айт.

Тоқтар ағаның ұшқыш болу арманы неден басталды?

Ғарышкердің есінде қалған ең тамаша сәті қай кез еді?

Тоқтар Әубәкіровтің арманы қашан орындала бастады?

Ғарышкер ғарышқа қашан және қай жерден ұшты?

(Ж) Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздердің бірін қойып жаз.

Қажетті сөздер: батыл, марапаттау, марапат, айналу.

1. Тоқтар Әубәкіровке Елбасы өз қолынан ... сыйлық-

тарын ұсынды. Оған «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы»

атағын берді.

2. Жаттығу кезінде ғарышкерге көп ... керек. Бұл оны

ғарыштағы салмақсыздыққа дайындайды.

3. Жүргізуші ғарышкерлерді ... үшін сахнаға шақырды.

4. «Өз арманыңа жеткің келсе, ... бол», – дейді Тоқтар аға.

Орындап болған соң, жұптар бірбірін тексеріп бағалайды.

(Ө)Айтылым. Сұрақтарға жауап беру арқылы монолог құрап айтады.

Дескриптор:

  • Тақырып бойынша монолог құрап айтады.
  • Берілген сұрақтарға жауап береді.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.
  • Сөздерді дұрыс байланыстырады.

«Батыл әрекет» дегенді қалай түсінесің?

Батыл адам деп кімді айтамыз?

Батыл әрекет жасаған кезің болды ма?

Ғарышкерлер жаттығу кезінде неліктен айналады?

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

«Комплимент» Ең жақсы жауап берген оқушыларға комлимент айтады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық бағалау.

Ұжымдық, жұптық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу