Жұлдыздар туралы аңыздар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

ӘБ жетекшісі Баримбекова А.Н.

Қысқа мерзім жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Ғарышқа саяхат

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Жұлдыздар туралы аңыздар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау

4.2.4.1 жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар: оқыған мәтіннің мазмұнын айтып береді.

Кейбір оқушылар: оқыған мәтіннің мазмұнына қатысты пікірін айтады, өзі білетін ақпаратымен бөліседі.

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Мәтіннің мазмұнын тірек сөздер бойынша әңгімелейді.

Тілдік мақсаттар

Адаспау үшін -қателеспеу үшін

Бағытын анықтау -жолды табу

Қарақшы -ұры

Құтқару үшін - көмектесу үшін

Жақындау- жақын келу

  • Таң ату- жарық болу, күн шығу

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған әлемді қорғай білуге үйренеді.

Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру

Қазақ халхының ауыз әдебиетін оқу арқылы басқа ұлттардың мәдениетін білуге, құрметтеуге үйренеді. Табиғатты қорғауға қатысты шараларға белсене қатысып, өзіндік үлес қосуға ұмтылады.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Қызығушылығын ояту.

«Иә» және «Жоқ» ойыны

Ай - жер серігі.(ИӘ)

Күн -ғаламшар. (ЖОҚ)

Күн -отты ғаламшар. (ИӘ)

Күн Жерді айналады. (ЖОҚ)

Жетіқарақшы, Темірқазық, Шолпан - ғаламшарлар. (ИӘ)

  • Қазақ халқы ай мен жұлдыздарға қарап ауа райын болжаған. (ИӘ)

Жер -күннен үлкен. (ЖОҚ)

Күн газды шар. (ЖОҚ)

Сабақтың тақырыбын сурет арқылы анықтау.

5 минут

Оқылым алды тапсырма:

Сөздік жұмысы:

Ұ/МК. Жаңа сөздердің мағынасын синоним, антоним сөздер және суреттер арқылы меңгерту, сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.

Адаспау үшін -қателеспеу үшін

Бағытын анықтау -жолды табу

Қарақшы -ұры

МК/Ұ Темірқазық жұлдызының суретін көрсетіп, бірнеше сұрақтар қою.

  • Бұл қандай жұлдыз?
  • Бұл жұлдыздың қандай ерекшелігі бар?
  • Ал қалған жұлдыздар орын ауыстырады ма?

Білгенге маржан!

Темірқазық - ең жарық жұлдыз. Ол аспанның солтүстік жиегіне орналасқан. Қазақ халқы түнде адаспау үшін, Темірқазыққа қарап бағытын анықтаған. Ал қалған жұлдыздар таңға дейін орындарын ауыстырады.

Оқылым тапсырмасы:

«Бірлесіп оқу» әдісі бойынша аңыздың мазмұнымен танысу.

  Баяғы заманда Үркер деген аспан патшасының Үлпілдек атты қызы болыпты. Үлпілдек өте сұлу болған екен. Айналаның бәріне оның нұры жарқырап шашырап тұрады. Үлпілдекті көрген Жетіқарақшы оны ұнатып қалады. Жетіқарақшы Үлпілдекті өзінің серігі еткісі келеді.

Бір күні оның жолы болады. Үлпілдектің қасында нөкерлері

болмайды. Жетіқарақшы оны ұрлап әкетеді. Мұны естіген Үркердің жақындары қатты ашуланады. Ұрылардың соңынан қуады. «Үлпілдекті қарақшылардан құтқару үшін Үркердің жақындары әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр», – дейді көргендер. Үркердің адамдары жақындап қалғанда ылғи таң атып, сиқыршы Жетіқарақшылар жоғалып кетеді екен. Шындығында Жетіқарақшы Темірқазықты айналып, Үркер екеуі жақындағанда таң ата бастайды.

  • Оқыған мәтіннің жанры қандай?
  • Аңыздың жанрлық ерекшеліктері қандай?
  • Аңызда қандай жұлдыздар туралы айтылады?
  • Үркер Жетіқарақшыны неге қуады?
  • Үркер Жетіқарақшыны қуып жетті ме?

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

ЖЖ. Жұпта отырған оқушылар бір- біріне оқыған мәтіннің мазмұнын тірек сөздер, сурет арқылы айтады және дескриптор арқылы бағалайды.

Тірек сөздер: Жетіқарақшы, Үркер, Үлпілдек, қарақшы, құтқару үшін, қуады, жақындағанда, таң атады

Дескриптор:

  • Оқыған мәтіннің мазмұнын айтады.
  • Тірек сөздерді орынды қолданады.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.
  • Сөздерді дұрыс байланыстырады.

(Ө) Жазылым

Жетіқарақшы, Темірқазық, Үркер жұлдыздарының біреуін таңдап, суретін салады және сипаттап жазады.(3-4 сөйлем)

Қалаулары бойынша 2-3 оқушы ортаға шығады. Қалған оқушылар комментарий айту арқылы бағалайды. (суретін жақсы салды, жұлдызды сипаттады, сөйлемдерді дұрыс құрады)

Сабақты қорыту.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейі жоғары оқушылар бағалауға көмектеседі

Жұптық бағалау.

Ұжымдық, жұптық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу