Табиғатты қорғау туралы оқу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Табиғатты қорғау туралы оқу.

6-бөлім

«Қоршаған ортаны қорғау»

Сабақтың мақсаты:

Тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырамын.

Мәтін түрлерін ажыратамын.

Сөздік жұмысы:

Қоқиқаз, имек, неліктен, не себепті, қалай ойлайсың?

Пайымдау мәтіні белгілі бір жағдаяттар мен оқиғаларды, құбылыстарды түсіндіреді, дәлелдейді. Мәтіннің бұл түрінде сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені сияқты сөздер қолданылады.

Сипаттау мәтінінде заттар мен құбылыстар суреттеледі және сипатталады. Мұндай мәтінде тірек сөздері негізінен сын есімдер болады.

Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтінді әңгімелеу мәтіні деп атайды. Тірек сөздері негізінен етістік болады.

Ойнайық та ойлайық!

Топтық жұмыс

Тест сұрақтарына жауап беру

«Дұрыс- бұрыс» ойыны

Бос орынды толықтыр

Өздік жұмыс

Дескриптор:

Тыңдаған материал бойынша сөйлемді толықтырады.

Тексерейік!

1.Бірімен -бірі байланысты бірнеше сөйлеммен ойымызды ауызша немесе жазбаша жеткізсек, ол мәтін болады.

2.Мәтінде не туралы айтылатынын көрсететін сөз тақырып болады.

3.Мәтіннің басталуы, негізгі бөлімі және соңы болады. Мұны құрылымы деп атайды.

4.Оқиғаны ретімен баяндауды мәтінді әңгімелеу мәтіні деп атайды.

5.Пайымдау мәтінінде автор әрбір айтқан ойының неге олай екенін түсіндіреді.

6. Пайымдау мәтінінде автор заттар мен құбылысты суреттейді.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыр.

Төмендегі сұрақтарды қолдан:

Қалай ойлайсың?

Сенің ойыңша,

Неліктен?

Не себепті?

1-топ

Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі- қоқиқаз. Оны кейде «қызылқаз» дейді. Қоқиқаздың дене құрылысы да ерекше. Оның аяғы, мойны ерекше ұзын болады. Тұмсығы имек келеді. Олар топтаны тіршілік етеді. Қорғалжын қорығын «қоқиқаздар мекені» деп атайды.

2-топ

Пингвиндер -ерекше құстар. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді. Олар ұша алмайды, әрең қозғалады. Сондықтан пингвиндерді жүзетін құстар деп атайды.

3-топ

Сурет сабағы. Апай тақтаға шымшық пен торғайдың суретін қатар ілді де, сұрақ қойды:

-Балалар, мына екі құстың қайсысы шымшық? Көрсетіңдерші,- деді.

Осы кезде Самат:

-Әрине, торғайдың жанында тұрған шымшық ,-деді.

Дескрипторлар:

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

Мәтін түрлерін ажыратады.

Рефлексия

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу