Су - өмірдің өзегі. «Толағай» мультфильмі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

ӘБ жетекшісі Баримбекова А.Н.

Қысқа мерзім жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім «Қоршаған ортаны қорғау»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Бердибаева А.М, .Кушерова Л.К.

Күні: 26.02.2018

Сынып: 4

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Су - өмірдің өзегі. «Толағай» мультфильмі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну

4.1.4.1 тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: көрген мультфильмнің мазмұнын түсінеді

Көпшілігі: оқиғаның себептерін түсінеді, кейіпкерлердің әрекетіне баға береді

Кейбірі: мультфильмнің идеясын анықтайды

Бағалау критерийлері

Көрген мультфильмнің мазмұнын түсінеді.

Оқиғаны әңгіме тауына орналастырады.

Мультфильмнің идеясын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Құрғақшылық- жаңбыр жаумады, өсімдіктер өліп қалды

Су тапшылығы- ішетін су жоқ

Құтқару үшін -көмектесу үшін

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны аялай білу, судың қадірін білу

Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру

Су мәселесін түсіне отырып, суды үнемдеуге үйренеді.

Табиғатты қорғауға қатысты шараларға белсене қатысып, өзіндік үлес қосуға ұмтылады.

Пәнаралық байланыс

дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=NUex0CFtL-k

Толағай мультфильмі

Бастапқы білім

Жеті қарағай

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ертеңгілік шеңбер

Мен достарыма не тілеймін?

Мен достарыма сәттілік, ақ жол, мейірімділік, береке, ынтымақ, бақыт, зор денсаулық тілеймін.(Шеңберде тұрған оқушылар үлгі бойынша бір тілектен айтып шығады, кейбір оқушылар үшін сөздер тақтаға жазылады)

Үй тапсырмасын тексеру:

«Бозша торғай» әңгімесінің мазмұнын қысқаша жазып келу.

Бір екі жұмысты тыңдап, бағалау.

Бағалау критерийі:

  • Әңгіменің мазмұнын өз сөзімен жазады.
  • Негізгі сюжетін сақтайды.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Сабақтың мақсаты:

Көрген мультфильмнің мазмұнын түсінемін.

Мұғалімнің қолдауымен мультфильмнің идеясын анықтаймын.

Сабақтың ортасы

Тыңдалымалды тапсырма

Тірек сөздер арқылы көретін материалдың не туралы екенін, қандай жанр екенін болжату

Ертеде, сағат сайын, күн сайын, тауды қопару, қиял

Сөздікпен жұмыс

(Ж) Жаңа сөздерді «Дефиниция» әдісі арқылы меңгерту. Сөздерді анықтамасымен сәйкестендіру және олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру, сөз ққұрамына талдау(ауызша).

Құрғақшылық- жаңбыр жаумады, өсімдіктер өліп қалды

Су тапшылығы- ішетін су жоқ

Құтқару үшін -көмектесу үшін

«Толағай» мультфильмін көру.

2.05 –3.50 және 7.10-12.00 аралығында көру

(Ө) Мультфильм мазмұны бойынша тапсырманы әр оқушы орындайды және дұрыс нұсқа бойынша өз өздерін тексереді және бағалайды.

Дескриптор:

0-3 түсінбедім

4-6 дұрыс түсінбедім

7-8 толық түсінбедім

9-10 жақсы түсіндім

Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

Ақсақал сәбиге Толағай деген ат қойды.

+

Ақсақал балаға бата берді.

+

Толағай ештеңеден қорықпады.

+

Толағай кішкентай кезінде әлсіз болды.

+

Толағай өте мықты жігіт болды.

+

Ауылда жаңбыр жиі жауды.

+

Ауылда құрғақшылық болды.

+

Толағай елін құтқару үшін алыс жолға шықты.

+

Толағай таумен бірге жаңбырды әкелді.

+

Толағай елін жаудан қорғады.

+

(Ж) Мультфильм желісі бойынша әңгіме тауын құру. Оқушылар өздері толтырған кестені қолдана алады (дифференциация)

Басталуы Толағай дүниеге келді.

Дамуы Толағай өте мықты жігіт болды.

Шиеленісуі Ауылда құрғақшылық болды.

Шешімі Толағай таумен бірге жаңбырды әкелді.

Соңы Толағай халқын құрғақшылықтан құтқарды.

Бір-екі жұптың жауаптарын тыңдау және бағалау

Дескриптор:

  • Оқиғаның композициялық құрылымын дұрыс анықтайды.

Кері байланыс

(Ұ) Идеяны анықтау

Мультфильмнің идеясы қандай? Автор не айтқысы келді?

Ертегінің идеясы - халқын, жерін сүю, жақсы көру, халқына көмек беру, патриот болу

«Бірлесіп жазу» әдісі(оқушылардың пікірін сұрай отырып, тақтаға жазу)

Су тапшылығы болмау үшін не істеу керек?

  • Суды үнемдеу
  • Суды ластамау
  • Табиғатты қорғау

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық бағалау.

Ұжымдық, жұптық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу