Табиғатты қорғау туралы оқу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.


Ұйқасқа құрылады

Шумақтардан тұрады

Көлемі шағын, көбінесе 2-4 жолдан тұрады

Адамдарға ақыл үйретеді

Сюжеті болады

Кейіпкерлері болады

Ұйқас болмайды

Дала нұрға бөленді

Дала нұрға бөленді.Бізге тағы жоқ тыным.Отырғызам мен ендіКөшеттердің көп түрін.Шөлдегенде суарам,Қопсытамын түбін де.Көркейеді бұл алаңКүндердің бір күнінде.

Сөздік

Нұрға бөленді -шуақ, сәуле шашылды

Жоқ тыным - тыныш отырмаймыз

Көркейеді- әдеміленеді

1.Адамның табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.

2.Табиғат жер байлығы,

Батырлар ел байлығы.

Сөздік:

Күні жоқ -өмір сүре алмайды

Тілі жоқ – ол адам емес, айта алмайды, сөйлей алмайды

Аққу

Көктемде өзен жағалауына аққулар ұшып келеді. Мен далаға шығып, аққудың сыбызғы үні сияқты даусын тыңдаймын.

Таңертең ерте оянып, далаға шықтым. Өзенге қарай бардым. Өзеннің жағасында бір аққуды көрдім. Оның аяғына қармақ кіріп кетіпті. Аққу қанатымен су сабалап, сыңсыды. Оның аяғы қатты ауырған сияқты. Мен оның аяғынан ұстап, қармақтан босаттым. Аққу маған рақмет айтқандай, бір рет даусын қатты шығарып, өзінің тобына қосылды.

Сөздік:

Сыбызғының үні сияқты - сыбызғының даусына ұқсайды

Қармақ -балықты аулауға арналған зат

Босаттым -жіберді

Түсініп оқы. Жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықта. Идеясы қандай?

БҰЛАҚ ҚАЙДА БАРАСЫҢ?

– Күндіз-түні ағасың,

Бұлақ қайда барасың?

 

–  Асығамын шөлдерге,

Құям барып көлдерге!

Көлдің суы молығар,

Үлкен - кіші шомылар.

Жағама сен келгенсің,

Гүлдерімді тергенсің.

Ішсең, мейір қандырғам.

Ұмыттың ба балдырған?!

 

–  Ұмытпаймын бұлағым,

Білейін деп сұрадым.

 

– Тағы бар ма сұрағың?

 

– Рахмет, бұлағым!

Айналаңды тазартып,

Көзіңді ашып тұрамын!

Дос екенсің адамға,

Күліп - ойна даламда!

Түсініп оқы. Жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықта. Идеясы қандай?

БҰЛАҚ ҚАЙДА БАРАСЫҢ?

– Күндіз-түні ағасың,

Бұлақ қайда барасың?

 

–  Асығамын шөлдерге,

Құям барып көлдерге!

Көлдің суы молығар,

Үлкен - кіші шомылар.

Жағама сен келгенсің,

Гүлдерімді тергенсің.

Ішсең, мейір қандырғам.

Ұмыттың ба балдырған?!

 

–  Ұмытпаймын бұлағым,

Білейін деп сұрадым.

 

– Тағы бар ма сұрағың?

 

– Рахмет, бұлағым!

Айналаңды тазартып,

Көзіңді ашып тұрамын!

Дос екенсің адамға,

Күліп - ойна даламда!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу