Табиғатты қорғау туралы әңгімелер оқу (1,2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғатты қорғау туралы әңгімелер оқу (1,2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.5.1.3 өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, шағын мәтіннен етістіктің рай формаларын ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Көптеген оқушылар: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің рай формаларын ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Кейбір оқушылар: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды толық түсінеді, өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің рай формаларын ауызша, жазбаша тілде еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Шағын мәтіндегі негізгі ақпаратты түсінеді.

Сөйлеу және жазу барысында етістіктің рай формаларын қолданады.

Тілдік мақсаттар

Лас, ластау, қоқыс, жинау, тазалау, арнайы жәшік, табиғат, адамзат, қорғау

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Қысқы қауіптер туралы баяндай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Ойша табиғат әлеміндемін» ойыны. Оқушылар кезекпен суреттерді тамашалайды. Суреттер арқылы сезімдерін білдіреді.

Маған бұл сурет ұнайды, өйткені....

Маған бұл сурет ұнамайды, себебі....

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

3 мин

10 мин

5 мин

10 мин

13 мин

3 мин

7 мин

(Ұ) «Сөз сыры». Оқушылар берілген сөздердің мағынасын таниды.

  • қоқыс
  • арнайы жәшік
  • шашу
  • лақтыру
  • ластау
  • жинау

(Т) «Менің ойым».

Сабақтың эпиграфы

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат». Оқушылар берілген тұжырым бойынша пікірлерімен бөліседі. Табиғаттың пайдасы мен табиғат болмаса не болар еді деген сұраққа жауап дайындайды. Жасаған жұмыстарын сынып алдында қорғайды.

Тапсырманың мақсаты: оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері:

  • табиғаттың пайдасы туралы дұрыс айтты;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтты.

Кері байланыс. Оқушылар «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды.

Қызыл түс – қиын болды.

(Ө) «5 минуттық жазу». Оқушылар тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Ойларын 4-5 сөйлеммен дәптерге жазады

Табиғаттың адамға пайдасы қандай?

Табиғатты қорғамасақ не болады?

Тапсырманың мақсаты – тақырып мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтап, сұраққа жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Жұпта жұмыс жасау арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрмет, ынтымақтастық сезімдері қалыптасады.

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер»

Сабақта ....................... қолымнан келді.

Өзіме ...........................деп ескерту айтар едім.

(Ө, Т) «Ойлан. Жауап бер». Оқушылар берілген сұрақтардың бірін таңдап, іштей жауабын дайындайды. Таңдаған сұрақтарына байланысты шағын топтарға бірігіп, сұрақтың жауаптарын ортаға салады.

  • Табиғатты қорғайтын маман болсаң не істер едің?
  • Болашақта біздің табиғатты қалай елестетесің?
  • «Адам - табиғаттың бір бөлігі». Бұл тұжырымды қалай дәлелдеуге болады?
  • Қоршаған ортаны қорғау үшін өзің қандай үлес қосасың?

Бағалау критерийлері:

  • сұрақтарға жауап берді;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырды.

) «Оқы. Жалғастыр». Оқушылар мәтінді оқиды, топта талдайды, 4-5 сөйлеммен жалғастырады. Тапсырманы орындамас бұрын бірлесе бағалау критерийлері құрастырылады. Бағалау критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалап отырады.

Тапсырманың мақсаты – мәтін мазмұнын жалғастыра алуға үйрету.

____________________

Біздің ауылдың табиғаты керемет. Мен ауылымды өте жақсы көремін. Ауылға жақын жерде орман бар. Орманда құстар көп. Олар ән салады. Маған орман ішінде серуендеу өте ұнайды.

Ауылдың шетінде бұлақ бар. Ауыл адамдары бұлақтан су ішеді.

Бір күні достарыммен бұлақ басына бардық. Бұлаққа баратын жол маған қатты ұнады. Құстар сайрап, жапырақтар сылдыр қағады. Бір кезде бұлақтың қасына жеттік.

Қандай сұмдық!?

Мен қатты ренжідім. Бұлақ басында сусынның ыдыстары, кәмпиттің қағаздары, сағыздар, шағылған пістенің қабығы шашылып жатыр...

(«Менің ортам» кітабынан)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Кері байланыс. «Кубик» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – сұрақтарым бар

Қызыл түс – қиын болды.

(Ж) «Ойлан, жаз». Оқушылар берілген сұраққа жауап ретінде нұсқаулық жазады.

Сұрақ: «Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?»

Дескриптор:

  • нұсқаулықты дұрыс жазады;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

Сабақтың соңы

7 мин

«Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу