Табиғатты қорғау туралы әңгімелер оқу (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні: Сынып: 4 С | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Табиғатты қорғау туралы әңгімелер оқу (3-сабақ) | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастырады. Көптеген оқушылар: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастырады. Кейбір оқушылар: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлемдерді еркін құрастырады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Жай және құрмалас сөйлем құрастыруда сөйлем құрылысын сақтайды. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Лас, ластау, қоқыс, жинау, тазалау, арнайы жәшік, табиғат, адамзат, қорғау, орман, кесу, егу, жойылу | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||
Бастапқы білім | Табиғатты қорғау туралы сөйлемдер айта алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 7 мин | (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар «Адам – табиғаттың бір бөлігі» тақырыбында сөйлемдер айтып жарысады. Бір сөйлем – бір қадам. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | ||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин 3 мин 10 мин | (Ұ) «Суреттер сөйлейді». Оқушылар суреттерді салыстырады. Сабақтың эпиграфының мағынасын талдап, таныс емес сөздердің мағынасын анықтайды.
«Бір тал кессең, он тал ек». (Ө) «Оқы, біл». Оқушылар орманның пайдасы туралы жазылған шағын мәтіндерді оқып, қажетті ақпаратты қысқаша жазып алады.
Тапсырманың мақсаты: оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ұсынылған ақпараттың мазмұнын өз сөзімен жазады. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар дайын ақпаратты жазады. Ағаш шебері: Үстел, орындық, ағаш шкафтар, кітап сөрелері, есік - мұның бәрі де ағаштан жасалады. Құрылысшы: Біз салатын әдемі үйлердің бәрі де ағаштан жасалады. Ол ағаштарды біз орманнан аламыз. Жұмысшы: Кітапты, дәптерді, газет, журналдарды да ағаштан жасайды. Дәрі жасаушы: Дәрілердің қайдан алынатынын сендер білесіңдер ме? Дәрілердің бәрі де өсімдіктерден алынады. Орманда әр түрлі өсімдіктер өседі. Орман ағаштарынан да көптеген дәрілер жасалады.Дәрігер: Таза ауа адам денсаулығы үшін маңызды. Ал ормандар ауаны тазалайды. Орманшы: Орман – көптеген жануарлардың үйі. Орман болмаса, жануарлар да азаяды, жойылады. Орман пайдасы: Кері байланыс. Оқушылар «Полюстер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
(Ж) «5 минуттық жазу». Оқушылар тақырып бойынша сөйлемді аяқтап жазады. Қорытынды шығарады. Жұмыстарын шағын топтарда бөлісіп, бір-бірін бағалайды. Тапсырманың мақсаты – болымсыз формалы етістіктерді қолдану дағдысын дамыту, жазылым дағдысын қалыптастыру. Жұпта жұмыс жасау арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрмет, ынтымақтастық сезімдері қалыптасады. Егер орман жойылса, ........................... Сондықтан ............................ Дескриптор:
| ||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды. 1 5 10 | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?