Табиғатты қорғау туралы әңгімелер оқу (4-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғатты қорғау туралы әңгімелер оқу (4-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.5.1 тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны мұғалімнің көмегімен болжайды.

Көптеген оқушылар: тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжайды.

Кейбір оқушылар: тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжайды, өз ойын дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған оқиғаның жалғасын болжайды.

Тілдік мақсаттар

Лас, ластау, қоқыс, жинау, тазалау, арнайы жәшік, табиғат, адамзат, қорғау, орман, кесу, егу, жойылу

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Орманның пайдасы жайлы айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар «Егер орман жойылса, .....» тақырыбында сөйлемдер айтып жарысады. Бір сөйлем – бір қадам.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

5 мин

7 мин

3 мин

7 мин

7 мин

(МК) «Сөз сыры». Тыңдалым алды тапсырма. Оқушылар берілген сөздерді оқып, тыңдалым мәтінінің мазмұнын болжайды. Таныс емес сөздердің мағынасын ашады.

  • үйге келе жату
  • жасыл түсті адам
  • табиғатқа көмек керек
  • халі нашар
  • зиян келтіру

(Ө) «Тыңда, біл». Оқушылар мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орындайды.

Тапсырманың мақсаты: оқушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастыру.

Самал сыныптастарымен бірге сабақтан кейін үйге келе жатты. Сол кезде бір жасыл түсті адам пайда болды. Ол балаларға былай деді:

- Мен басқа әлемнен ұшып келдім. Келген себебім, сендердегі аң-құс, жануарлар, ағаштарға көмек керек. Олардың халі нашар.

Осы кезде Самал шошып оянып кетті. Самал: «Расында да, біз, адамдар, табиғатқа көп зиян келтіреміз», - деп ойлады.

  • Самал мен сыныптастары кімді кездестіреді?
  • Жасыл түсті адамның жерге келу себебі не?
  • Бұл оқиға қай кезде болды?

Кері байланыс. Оқушылар «Полюстер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

  • мен мәтінді түсіндім.

(Ө,Ж, Т, Ұ) «Үстел басындағы әңгіме» Оқушылар тыңдаған мәтінді жалғастырып айтады. Алдымен өздері жеке ойланып, содан соң ойларымен жұпта бөліседі. Содан кейін топта талқылап, соңында ұжымда айтады.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру, мәтін қорытындысын шығаруға үйрету. Жұпта, топта жұмыс жасау арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрмет, ынтымақтастық сезімдері қалыптасады.

(Ө) «Ойлан, жаз»

Оқушылар мәтінді пайдаланып, қорытынды бөлігін 4-5 сөйлеммен аяқтап жазады.

Самал сыныптастарымен бірге сабақтан кейін үйге келе жатты. Сол кезде бір жасыл түсті адам пайда болды. Ол балаларға былай деді:

- Мен басқа әлемнен ұшып келдім. Келген себебім, сендердегі аң-құс, жануарлар, ағаштарға көмек керек. Олардың халі нашар.

Осы кезде Самал шошып оянып кетті. Самал: «Расында да, біз, адамдар, табиғатқа көп зиян келтіреміз», - деп ойлады.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор:

  • жүйелілікті сақтайды;
  • сөйлем құрылысын сақтайды;
  • лексика-грамматикалық норманы сақтайды.

Сабақтың соңы

3 мин

«Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу