Жануарлар әлемін қорғау (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні: Сынып: 4 С | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Жануарлар әлемін қорғау (2-сабақ) | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын бағалауға бағытталған сұрақтар құрастырады және оған жауап береді. Көптеген оқушылар: мәтін мазмұнын бағалауға бағытталған сұрақтар құрастырады және оған жауап береді. Кейбір оқушылар: мәтін мазмұнын бағалауға бағытталған сұрақтар құрастырады және оған толық жауап береді. | ||||||
Бағалау критерийлері | Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарға жауап береді. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Қызыл кітап, жойылу, азаю, сирек, бағалы, тері, аулау, қорғауға алу, тыйым салу | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||
Бастапқы білім | Жануарлар дүниесін қорғауға қатысты сөйлемдер айта алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 3 мин | (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Шаттық шеңбері». Оқушылар сабақтың басында бір-біріне жылы тілектерін білдіреді. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | ||||||
Сабақтың ортасы 12 мин 7 мин 3 мин 10 мин | (Ө,Ұ) «Ішкі, сыртқы шеңбер». Оқушылар жануарлар әлемін қорғау туралы шағын мәтінді ішкі, сыртқы шеңберде тұрып баяндайды. Бір-бірін бағалайды. Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, мәтінді қаншалықты меңгергендігін тексеру. Дескриптор:
Ертеде Жер бетінде қазір кездеспейтін жануарлар мен өсімдіктер де болған. Олардың кейбірі жойылып кеткен. Кейбір жануарлар мен өсімдіктер қазір де азайып жатыр. Сирек жануарлар мен өсімдіктер Қызыл кітапқа жазылып, қорғауға алынған. Қызыл кітапқа жазылған жануарлардың бірі – барыс. Барыс тауда мекендейді. Ол - епті әрі сұлу аң. Барыстың терісі өте әдемі, қалың және жұмсақ. Адамдар осы бағалы терісі үшін оны аулайды. Қазіргі уақытта барыс – сирек жануар. Сондықтан оны аулауға тыйым салынған. (Ж) «Сұрақтар мен жауаптар». Оқушылар мәтін негізінде берілген сұрау есімдіктерін пайдаланып сұрақтар құрастырып жазады. Жазған сұрақтарына жауап береді.
Кері байланыс. Оқушылар «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. Жасыл түс – жеңіл болды. Сары түс – аздап қиын болды. Қызыл түс – қиын болды.
(Ө) «Ойлан, жаз». Оқушылар берілген сұрақтардың бірін таңдап, жазбаша жауап жазады. Сұрақтар қиындық деңгейіне байланысты ажыратылған. Оқушылар таңдаған сұрақтарына байланысты шағын топтарға бірігіп, жауаптарын салыстырады, тексереді. Тапсырманың мақсаты – оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру.
Дескриптор:
| ||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды. 1 5 10 | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?