Судың да сұрауы бар (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

  • Пән: Қазақ тілі
  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Қоршаған ортаны қорғау
  • Күні
  • Сынып:
  • Мектеп:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Судың да сұрауы бар (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.5.1 оқылған / тыңдалған материалдағы ақпараттарды өзара салыстырып, өз пікірін дәлелдеу.

4.5.1.3 өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша / жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен оқылған / тыңдалған материалдағы ақпараттарды өзара салыстырып, өз пікірін дәлелдейді, етістіктің рай формаларын ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Көптеген оқушылар: оқылған / тыңдалған материалдағы ақпараттарды өзара салыстырып, өз пікірін дәлелдейді, етістіктің рай формаларын ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Кейбір оқушылар: оқылған / тыңдалған материалдағы ақпараттарды өзара салыстырып, өз пікірін дәлелдейді, етістіктің рай формаларын ауызша, жазбаша тілде еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Оқылған материалдағы ақпараттар бойынша өз пікірін дәлелдейді.

Сөйлеу және жазу барысында етістіктің рай формасын қолданады.

Тілдік мақсаттар

Қоршаған орта, қорғау, аялау, түтін, шашу, қоқыс, жинау, бағалау, сирек, азаю, жойылу, бағалы, тыйым салу, киік, мүйіз, дәрі, қорық, қолайлы, ластау, тұмша, зиян келтіру, тарау, мұхит, теңіз

Құндылықтардыдарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Шартты райлы сөйлемдер құрастыра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар шартты райлы сөйлемдер құрастырып, қадамдар жасайды.

Егер ............ –са / -се, ...................

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 мин

8 мин

3 мин

10 мин

(МК) «Суреттер сөйлейді». Тыңдалым алды жұмыс. Оқушылар берілген суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын ашады. Тақырыпқа қатысты сөздермен танысады.

(Ө) «Тыңда, біл». Тыңдалым. Оқушылар мәтінді тыңдап, тапсырмалар орындайды.

Тыңдалым мәтіні.

Ерлан: Жер бетінде су көп. Жердің көп бөлігін су алып жатыр. Теңіз, мұхит сондай үлкен! Су ешқашан бітпейді. Сондықтан оны қорғаудың қажеті жоқ.

Асқар: Су – тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде өмір болмайды. Жер бетінде су көп, бірақ оның көбі ащы су. Ащы су мұхит пен теңіздерде болады. Ащы суды адам іше алмайды. Тұщы су өзендерде, көлдерде, жер астында болады. Адам тұщы сусыз өмір сүре алмайды. Адам суды өте көп пайдаланады. Тұщы су азайып жатыр. Сондықтан оны сақтау керек. Суды ластамау керек.

1-тапсырма. Автор мен оның пікірін сәйкестендір.

  • Ерлан
  • Асқар
  • Су болмаса, адам өмір сүре алмайды.
  • Жер бетінде су ешқашан бітпейді.
  • Суды қорғау керек.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтап жаз.

....................... суды адам іше алмайды.

Өмір сүру үшін адамға ............... су қажет.

3-тапсырма. Сұраққа жауап бер.

Сен кімнің пікірімен келісесің? Неліктен?

________________________________________________

Дескриптор:

  • мәтін бойынша сәйкестендіруді орындайды;
  • мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырады;
  • өз ойын дәлелдейді.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырмаға кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – ойландырды

Қызыл түс – қиын болды

(Ж) «Ойлан, жаз» Тыңдалымнан кейінгі жұмыс. Оқушылар тыңдаған мәтін негізінде сөйлемдерді толықтырып жазады.

  • Егер ........................, адам өмір сүре алмайды.
  • Егер суды қорғамаса, .....................................
  • Егер адамдар суды ластаса, ..............................
  • Егер ....................................., тіршілік жойылады.

Дескриптор:

  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • шартты райлы сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

Сабақтың соңы

5 мин

«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

  • Мен бүгін .................. туралы білдім.
  • Мен бүгін ................. деген шешімге келдім.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақбойынша рефлексия

Жалпыбаға

Сабақтың жақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу