Судың да сұрауы бар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, презентация.
2-бөлім. Қоршаған ортаны қорғау
Сабақтың тақырыбы:
«Судың да сұрауы бар»
Сабақтың оқу мақсаты:
4.2.3.1* белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
5.1.3* өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: ертегіні аяқтайды, Мәтін мазмұнын өз ойларымен жалғастырып айтады;
Оқушылардың басым бөлігі: айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді ауызекі тілде дұрыс жазып қолданады;
Кейбір оқушылар: берілген сұрақтарға өз ойларын білдіреді.
Бағалау критерийлері
Дескриптор:Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша су туралы алған мәліметтерін айтады;
Берілген жағдаяттық тапсырманы түсініп оқып, өз ойларын білдіреді;
Бұйрық және қалау райды қолданады;
Су туралы мақал-мәтелді ажыратады;
Берілген тапсырма бойынша сұхбатқа түседі, осы шақ, өткен шақ, келер шақ етістіктерін қолданады.
Тілдік мақсаттар:
Пән лексикасы және терминология:
тапшылық, тұщы су, мұхит, шөл, гүлзар, т.б
Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын....
Жұптық жұмыс
1-тапсырма: Мәтінді түсініп тыңдаңдар. Су туралы қандай мәлімет білдің?
Су адамның жалпы салмағының 65 пайызын құрайды. Адамға тәулігіне он литр су керек. Ер адамның ағзасы жетпіс пайыз судан тұрады. Әлемдегі судың үш пайызы ғана тұщы су. Қызанақ тоқсан пайыз судан тұрады.
«Қазақстанның экологиясы» кітабынан
Топтық жұмыс.
2-тапсырма. Жағдаяттық тапсырманы түсініп оқыңдар. Өз ойларыңды білдіріңдер. Бұйрық және қалау райлы етістіктерді қолданыңыздар.
Сен тамақтануға дәмханаға келдің. Тапсырыс берген соң, қолыңды жууға бардың. Екі бала суды ағызып қойып, әңгімелесіп тұр екен. Оларға қандай кеңес берер едің?
Айтылым тапсырмасы:
Топтық жұмыс.
4-тапсырма. Берілген сурет бойынша сұхбатқа түсіңдер. Осы шақ, өткен шақ, келер шақ етістіктерін қолданыңыздар.
1-топ. Қазақстанның табиғат байлығы.
2-топ. Еліміздегі экологиялық мәселелер.
3-топ. Экологиялық мәселелерді шешудің жолдары.
Балалар!
«Көліктің көбеюі, зауыттың көптеп салынуы табиғатқа қандай зиян келтіреді?» сұрағына 4 сөйлемнен тұратын жауап жазыңыздар.
5-тапсырма: Ой-толғаныс
Рефлексия
«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.
Мен бүгін............
Маған бүгін..................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?