Қыс. Қар қалай пайда болады? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.
1-cабақ.
Дидактикалық материал
Қыс. Қардың қалай пайда болады?
Сөздік:
қар – жапалақ қар, мамық қар, үлпілдек, ақ ұлпа
қар түйіршіктері
жапалақтап жауады
климаттың өзгеруі
қардың түсі
әдемі өрнек
мұз кристалдары
Қардың ерекшеліктерін сипаттап, қасиеттерін қар түйіршіктеріне жазыңыз. |
1-тапсырма.
Бейнематериалды мұқият қарап тыңдаңыз. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- Қай аумақтарда қар мүлдем жаумайды?
_______________________________________________________________
- Кения жұртшылығы қарға не себептен таңырқай қараған?
_______________________________________________________________
- Қар түйіршіктерінің қандай түрлері болады?
______________________________________________________________
- Не себептен қар түйіршігін суретке түсіру оңай емес?
_______________________________________________________________
- Қар неден тұрады?
_______________________________________________________________
2-тапсырма.
Берілген ақпаратты мұқият оқып, сәйкестендіріңіз.
1969 жылы Швейцарияда | жасыл қар жауған. | |
1955 жылы Колифорнияда | ең үлкен қар табылған.. | |
Антарктиданың биік тауларында | әлемдегі ең үлкен қар түйіршігі табылған. | |
1987 жылы Америка жерінде | қара қар жауған | |
Диаметрі 38 сантиметрге жеткен | қызыл түсті қар кездескен. |
3-тапсырма. Тыңдалған материалдың мазмұны бойынша түйінді тұстарын анықтаңыз.
Дескриптор:
- Тыңдалған материалдың мазмұнын топта талқылайды.
- Сабақ барысында меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады.
- Алған мәліметтің түйінді тұстарын анықтайды.
Үй тапсырмасына берілетін мәтін
Сіз қардың қалай пайда болатынын білесіз бе? Қар мұз кристалдарынан тұрады. Мұз кристалдары -22-ден -40 градус аралығында суық температурада қалыптасады. Аспаннан түсетін мұз кристалдары бір милиметрге де жетпейді. Су буының нәтижесінде өте шағын кристалдар үлкейіп жұлдызшаға айналады. Кейін атмосферадағы ретсіз қозғалыстың салдарынан жұлдызшалар бір-бірімен ұйыса бірігіп, жерге жапалақ қар болып түседі.
Бағалау
Оқушылар дұрыс жауап нұсқалары бойынша бір-бірін бағалайды.
Жауап кілттері
1-тапсырма.
- Тропиктік аумақтарда
- қарды тұңғыш көрген
- дөңгеленген, үшбұрышты, алтықырлы, пластинка тәрізді
- лезде еріп кетеді
- мұз кристалдарынан
2-тапсырма.
1969 жылы Швейцарияда | жасыл қар жауған. | |
1955 жылы Колифорнияда | ең үлкен қар табылған.. | |
Антарктиданың биік тауларында | әлемдегі ең үлкен қар түйіршігі табылған. | |
1987 жылы Америка жерінде | қара қар жауған | |
Диаметрі 38 сантиметрге жеткен | қызыл түсті қар кездескен. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?