Күз. Күз – молшылық мезгілі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.
6-cабақ.
Дидактикалық материал
Күз. Күз – молшылық мезгілі
Сөздік:
теріп жүр
асығады
нағыз
мұрын жарады
үзіп алып
қалта
Алтын күз келді. Бұрынғыдай күн де жарқырап тұрмайды, құстар да көрінбейді. Тек торғайлар мен қарғалар ғана шиқылдап жем теріп жүр. Күз басталса, сабақ оқу, мектепке бару да басталады. Балалар мектепке асығады. Айнала сап-сары. Төбеден алтын жауып тұрғандай. Ағаштар қурап, жапырақтары сарғыш түске боялды. Қыс түскенше егінді де жиып алу қажет. Күз – жеміс-жидектің нағыз піскен уақыты. Әсіресе, алма күзде ерекше дәмді болады. Алма бағына барсаң, алма иісі мұрын жарады. Ондағы қызыл алмаларды қалай үзіп алып, қалтаңа салғаныңды байқамай қаласың. Сен алманың иісіне-ақ тойып қаласың. «Қыстың қамын жазда ойла» дегендей, қысқа азықты тіпті жануарлар да жинай бастады. Жан-жануарлар қысқы ұйқыға да кірісіп жатыр. Күз осындай әсем келбетімен, қыңыр мінезімен маған ұнайды.
https://martebe.kz/kuz-takhyrybyndagy-khyzykhty-angime/
Негізгі ақпарат | Жанама ақпарат |
1. | 1. |
2. | 2. |
3. | 3. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?