file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қыс келді №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім

«Табиғат құбылыстары»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Исина Асем Балгабаевна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қыс келді №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

4.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, тірек сөздерден кластер құру және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау

4.2.4.1 жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

мұғалімнің қолдауымен мәтіннің мазмұнын түсінеді және сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі:

тірек сөздерден кластер және сұрақтар құрастырады.

Оқушылардың кейбірі:

тыңдалым негізгінде жоспар құрастырады, мәтінді мазмұндайды.

Бағалау критерийлері

тірек сөздерден кластер және сұрақтар құрастырады;

жоспарды қолданып, мәтінгің мазмұнын айтамын.

Лексикалық минимум

Аяз, тоң

Грамматикалық минимум

Қандай? Қашан? Қайда? сұрақтары

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

4-бөлім: «Мамандықтар әлемі»

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

«Мен саған тілеймін ....» тренингі

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді:

  • мейірімді бол,
  • ақылды бол,
  • ұқыпты бол,
  • батыл бол,
  • тәртіпті бол,
  • сабырлы бол,
  • шыдамды бол,
  • шыншыл бол т.б.

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • тірек сөздерден кластер және сұрақтар құрастырамын;
  • жоспарды қолданып, мәтіннің мазмұнын айтамын.

 Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді балама сөздер немесе сурет арқылы меңгерту:

аяз – суық

тоң (у) – суыққа тоңу, мұздау

Дамыту жолдары:

1. Жаңа сөздердің мағыналарын мысалы келтіріп түсіндіреді.

2. Қолдану ерекшеліктерін көрсетеді.

3. Бірнеше рет қайталайды.

4. Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолданады.

5. Өткен сабақтарда меңгерген ақпаратты сабақта қайталайды.

Тыңдалым алдындағы тапсырма:

) «Кластер» әдісі бойынша «Қыс» сөзіне тірек сөздерді жаз.

Дескриптор:

тірек сөздерден кластер құрастырады;

сөздерді байланыстырып «Қыс» туралы ақпарат береді

Тыңдалым кезіндегі тапсырма:

(Ұ) Мәтінді тыңда, сұрақтарға жауап бер.

Мәтін:

Қыс келді. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше. Балалар қар атып ойнайды. Суыққа тоңса да, балалар ойынға тоймайды.

Сұрақтар:

Мәтін не туралы?

Қыс қандай болады?

Қыс мезгілі немен ерекшеленеді?

Балалар қысты қалай қабылдайды?

Дескриптор:

мәтінді тыңдайды, түсініксіз сөздерді түртіп алады;

мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

(Ж) Тыңдаған мәтінге сүйеніп жоспар құра. Жоспар бойынша мазмұнын айт.

Жоспар:

1. ________________

2. ________________

3. ________________

Дескриптор:

түсінген мәтін негізінде жоспар құрастырады;

жоспарды қолданып, мәтіннің мазмұнын айтады.

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма?

  Слайд

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Мен үшін бүгін ..... құнды болды, себебі ......

Келесі сабақта ..... болса екен.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлер бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Қыс мезгілі туралы ақпарат дайындау.

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу